Альбина Шардарова сәбиінің есімі мен тұңғышының қызғанышы жайлы айтты

29 қыркүйек 2021, 12:04

Жақында екінші рет ана атанған Альбина Шардарова сәбиінің есімін жария етті. Ол перзентханадан шыққалы тұңғышының өзгеріп кеткенін айтып, тәжірибелі аналардан кеңес сұрады, деп хабарлайды Stan.kz.

2018 жылы актер Бауыржан Сатовпен отау құрған Альбина бір жылдан кейін қыз баланы дүниеге әкелді. Бүгінде 2 жасар Жасмин балабақшаға барады. Анасын тағы бір баламен бөлісуге қимай жүрсе керек, кішкентай Жасмин түрлі қылықтар көрсетіп жүрген көрінеді. 

Тұңғышы үшін уайымға салынған Альбина желідегі оқырмандарының кеңесіне жүгінді. 

 
"Внимание жетпей жүр. Барлығымызды бетіне қаратып отыратын ап-ақылды қызымыз, үйге бөпе келгелі бұзық, тіл алмайтын, жылауық қыз болып кетті. Бізден вниманиеден көрі ұрыс, ескерту көп еститін болып жүр. Бірақ бөпесін жақсы көреді, менен қызғанатынын көрсетіп те қояды, жаным.

Өзім ұрысып алып, артынша жүрегім ауырып отырамын. 
Бөпені қолымда ұстап отырсам да, көңілімді Жасминға бұруға тырысамын, бірақ бәрібір бұрынғыдай 100% емес, соны сезіп жүр", – деп жазды Шардарова.

Альбина екінші қызының есімін өзіне ұқсатып Альфия деп атаған.
Осы орайда ол көпбалалы аналардан кеңес сұрады. 

"Екі балаға бірдей көңілді қалай бөлеміз? Ертең үшеу, төртеу болғанда қалай болады? Сіздердің де тұңғыштарыңыз солай өзгеріп кетті ме?" – деді ол.

"Өте, өте ауыр болады екен балаға. Біз білмейді екенбіз. Мен кейін түсіндім, ұлым өсе келе көрсетті, өзіне бізден жылу, көңіл, сөз жетпегенін. Сол үшін үлкен өкініші бар адам ретінде ақылым, Жасминге көп қараңыз. Бөпе ештеңе білмейді. Травманы Жасмин алады", 
"Біраз уакыт өз-өзіне келе алмай жүреді енді", – деп ақыл-кеңесін жазды оқырмандар.

Stan.kz.