Әлеуметтік желіде видео жариялаған танымал қазақстандық вайнер қылмыстық жауапкершілікке тартылды

03 мамыр 2022, 23:56

Белгілі қазақстандық вайнер Серғазы Тоқтарбек (Sekavines) жол ережесін бұзғаны үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Алматы қалалық ІІД бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов мәлімдеді.

Тексеруге әлеуметтік желіде Вайнер жол талғамайтын көліктегі такси жүргізушісін бейнелеген әзіл-оспақ видео себеп болды.  Видеода Сека қауіпсіздік белбеуін тақпаған. Қолданушылар әзілкешті жазалауды талап етіп, видеоға полицейлердің назарын аударды.

"Құқық бұзушыны Алматы қалалық полиция департаментінің патрульдік полиция полкінің қызметкерлері анықтады.  Бұл 1987 жылы 29 желтоқсанда туған азамат Т. болып шықты", - делінген хабарламада.