Инста-Алаш

Әлия Құдайбергенова:"Өмір ашындырмасын деңіз..."

  • Әлия Құдайбергенова:

    Әлия Құдайбергенова:"Өмір ашындырмасын деңіз..."

Жақсы адамды жамандықтан сақтағың келеді. Ешкім жаман боп тумаса керек?! Тәрбие, орта, дос-жараны, қоғамның тигізер әсері көп. Әсіресе, жүрген ортаның адамның жанына, мінез-құлқына, тәртібіне, жүріс-тұрысына тікелей қатысы бар. Сол ортаға бейімделіп шыға келеді, аз уақытта. Кіммен жүрсең соған ұқсайсың, еркіңнен тыс соны қайталайсың.
Жүрегің мен жаныңды сол орта құрықтап алады, өзіңе байқатпай. Өмірдің өзі жақсы мен жаманның айқасы ғой, өзі...
Бір елпілдеген таныс інім бар еді. Текті әулеттің ұлы еді. Жанының тазалығы жанарында тұратын. Біраз уақ хабарсыз кетті. Сәті түсіп, жолығып қалдық. Араласа бастадық. Ішкі істер саласына қызметке тұрыпты. Алайда, мүлдем басқа адам боп кетіпті. Оны алғашында мойындамады. Былайша қарасаң, өмірге өкпе артуға қақысы жоқ бала!
Не болса соны айтып, қалай болса солай сөйлеп, әйтеуір жүріс-тұрысы ұнамады. Үндемей-ақ жүрдім. Бір күні "Өзің" қайда?" дедім. Ұға қоймады. "Не дейсіз?" дегендей, бетіме аңтарыла қарап қалды. "Баяғы қалпыңнан түк қалмапты-ау! Сен үшін мен өкініп тұрмын. Дәл осы күйіңмен кете берсең, басыңдағы барыңды, бағыңды ұшырып алар ма екенсің?! Жақсы.Түзелгенде, бұрынғы қалпыңа жақындағанда хабарласарсың. Пайдасыз ғой, мына жүрісің!" дедім де, бұрылып кетіп қалдым.

Қанша тырысқанымен жылы кейіп таныта қоймадым.
Ішім ашыды. Ішіп кетіпті. Үй бетін көрмей... Оны сосын естідім. "Мынадай жағдайдан арашалап алып қалуым керек пе еді, жақсы бала еді ғой..." дедім, жаным ауырып.
Кеше жанармай бекетінде тұрғанмын. Бакты "тырс" еткізіп аша алатыным болмаса, арғыжағын білмейтін қазақпын. Бензин құятын адам жоқ екен, өзім құюға тура келді. Біреу елпілдеп жаныма жүгіріп келе сала қолымдағы "шлангіні" жұлып алды. Таныс бейне. Таныдым.
"Қалыңыз қалай? Бетім жоқ сізге пәлен деуге" деді. Аздап орысша қосып сөйлейтін. Бет-әлпеті өзгеріп, ісініп кеткен бе, әйтеуір реңі қалмаған. Қандай келбетті жігіт еді! Көлігіне газ құймақ боп тоқтаған екен.
"Жұмыстан шығып қалдым. Келініңіз кетіп қалған. Папа-мамам сізді сұрап тұрады. Сол..." деді, кібіртіктеп...
Үндемедім. Бірдеңе айтуға зауқым соқпады. "Жақсы, аман жүр. Пайдасыз болды ма, бәрі?" деуге ғана жүйкем шыдады.
Өмір ашындырмасын деңіз... Кіммен, қайда жүрсең де Өзіңді сақта! 




Көрілген: 640    Пікірлер: 0

жұма, 24.01.2020, 10:00

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31