«Алла жар болсын»: Ерке Есмахан операция жасатпақ

15 сәуір 2022, 15:15

Ерке Есмахан денсаулығы сыр беріп жүргенін мәлімдеді. Дәрігерлер әншіге ота жасау туралы шешім қабылдаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Еркенің өзі Instagram-дағы парақшасында жазды.

"Денсаулығым сыр беріп, өзімді өте жаман сезініп жүрдім соңғы күндері. Байқасаңыздар, 2 аптам анализ тапсырумен өтті. Әлсіз тұсымды осы кезге дейін ешқашан білдірмейтін едім сіздерге, қатты қорыққанымнан жазып отырмын. Ертең маған операция жасайтын болып шешті дәрігерлер. Сіздермен аман-есен қауышайын. Тілек тілеп қойыңыздар. Алла жар болсын", - деп бөлісті Ерке.

Stan.kz