Инста-Алаш

"Алла кешірсін": Шах-Керім өзін даттаған "Қалаулымның" экс-қатысушысына жауап берді

  • "Алла кешірсін": Шах-Керім өзін даттаған "Қалаулымның" экс-қатысушысына жауап берді

 "Қалаулым сен" бағдарламасының редакторы Шах-Керім Карменов Instagram парақшасында өзін "өсектеген" жігіттерге жауап берді. Оның сөзінше, жобаның бұрынғы қатысушысы Айдын Жұмаханның Нұрболхан Шараповқа берген сұқбатындағы сөздері шындыққа жанаспайды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жоба редакторы Шах-Керім Карменов мұсылмандарды өзіне қарсы қойған жігітке жауап берді.

Оның айтуынша, Айдын Жұмаханның сұқбат беруге киген киімінде өзге діннің таңбасы бейнеленген.

"Үндемей қоя салайын деп едім, үндемеуге болмай жатыр. Қазақтың екі жігіті ас үйдегі жеңгелеріміз ұқсап, мен жайлы өсек айтыпты. Ешқандай дәйек, дәлелсіз "мен естідім, мен көрдім" деген әңгімеге құрылған арзан дүние.

Мұсылман бауырларымды маған қарсы қойып, мені ұяларлық бір діннің өкілі етіп қойды. Ал Айдын мырзаның өзі сол интервьюге "Звезда Давида" дегенге ұқсас, алты шұбар жұлдыздың бейнесі бар жейде киіп алып, әңгіме айтыпты.

Жекеме келіп жатқан хаттарға қарағанда, оқырмандар оған сенген екен", - деді Шах-Керім.
Сондай-ақ, ол "Қалаулым сен" бағдарламасы үш жыл ішінде ешбір жанның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтірмегенін айтып өтті.

"Енді арандатушы жігіттердің жұмысының нәтижесінде мен қазір Алматы әуежайында, жездемнің жаназасын шығаруға бара жатырмын.
"Қалаулым сен" бағдарламасының үш жылдық тарихында ешбір адамның ар-намысына, өміріне нұқсан келмеген. Бір Аллаға тапсырдым. Сендерді Алла кешірсін. Мен кешірем бе, жоқ па, оны қазір айта алмаймын", - деп түйіндеді ол.
Естеріңзіге сала кетейік, "Қалаулымның" бұрынғы қатысушысы әзілкеш Нұрболхан Шараповқа сұқбат беріп, жоба мен оның редакторы жайлы біраз шындықтың бетін ашқан еді.

KAZ.NUR.KZ.




Көрілген: 2450    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 19.02.2020, 12:50

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31