Алмасбек Садырбаев:"Заманауи көшбасшылар осындай болуы керек"

18 шілде 2020, 17:07

Мына қиын-қыстау кезеңде, көңілдеріңізді бір көтеріп қояйыншы.
Оқи отырыңыздар.
Қазақ еліне жұғысты болсын! - деп, тілеп отырайық.
Мына суреттегіМоңғолияның жаңа президенті. Танысып қойыңыздар.
Мықты, қатал және принципті адам екен.
Билік келгеннен кейін ол сәнді резиденциядан бас тартты. Ол қатаң түрде жаяу және күзетшілерсіз жұмысқа барып істейді. Осы жағынан мемлекеттік аппараттағыларға өзінен үлгі алуға шақырды. Ол өзінің қарапайым кортежінен әрдайым жаяу жүргіншілерге жол беруді және басқалармен бірге жол қозғалысы ережелерін біркелкі сақтауды талап етті.
Билікке келіп, олигархтар мен ауқатты шенеуніктерге 49 күн уақыт берілді, сондықтан олар шетелдік оффшорлық компаниялардан қаражаттарын кері бағытта елге алды.
Жаңа жылы зейнеткерлік жастағы азаматтардың несие бойынша барлық қарыздарын төлеп берді.
Путиннің Моңғолияға мемлекеттік сапары кезінде ол оны қарсы алуға бармады, бірақ оның орнына Шыңғыс қаған заманындағы элиталық Кешікті гвардиясының әскери киімін киген, қарулы атшылардың құрметті қарауылын әуежайға жіберді. Сосын ол жоғары мәртебелі мейманды және бүкіл Ресейдің билеушісін 2036 жылға дейін ұлы патшалыққа белгі бергендей қабылдады.
Жақында министрлер кабинеті мен парламенттегі сыбайлас жемқорлық жанжалынан кейін ол министрлер мен депутаттарды азаматтық және саяси ерлік көрсетуге, орындарынан кетуге және иммунитетінен бас тартуға шақырды.
Президенттікке дейін ол жеке кәсіпкерлікпен айналысқан. Өте қарапайым өмір сүреді. 2008 жылы 4 миллион АҚШ доллары көлеміндегі жеке қаражатын пайдаланып, ол әлемнің түкпір-түкпірінен келген туристер үшін танымал орынға айналған Шыңғыс қағанның 40 метрлік ескерткішін тұрғызды.
Түскі ас кезінде ол анасына жиі барады, ол кісі қала маңындағы киіз үйдерден салынған жерде тұрады екен. Анасы оған тамақ әзірлейді.
Бұл Моңғолияның президентінің күші қарапайымдықта, қарапайымдылықта және жақсы тәрбиеде жатыр.
Заманауи көшбасшылар осындай болуы керек. Аз сөздер мен уәделер, көбірек амалдар мен нақты істер. Себебі, елдің әрбір азаматының өмірі үшін жауапкершілік олардың мықтыларының мойнында. Ондай жауапкершілікті нақты іс жасаған иық пен мойын ғана көтере алады.
Моңғолияда айтпақшы, КВИ-19-дан қайтыс болған бірде-бір жағдай болған жоқ.
Суретте жергілікті базардағы кездейсоқ қарт арбакеш, өтіп бара жатқан президенттің мойнындағы галстугін түзетіп, байластырып қойып жатқан жайы бейнеленген.
Мемлекет басшысы мен қарапайым азамат арасында ешқандай алауыздық жоқ. Екеуі де кішіпейілділікпен Мәңгілік көк аспанның астында тұрғаны көрініп тұр.
Бір ертегі оқығандай болған шығарсыздар, ә?!)
Қазақ жеріне де, осындай қарапайым, халқын ойлаған басшы бере көріңіз, Жаратушымыз!
Әумин.
Бөлісіп жіберіңіздер. Лайк басыңыздар. Комментарий жазыңыздар.
Рақмет.
Құрметпен, қойшыларыңыз, Алмасбек.