Инста-Алаш

Алматылықтар «Қызғалдақ сыйла» челленджін жалғастырып, гүл таратты

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Алматы Наурыз мерекесін тойлауды бастап кетті. Бүгін көшеде қыдырып жүрген халыққа қызғалдақ пен бауырсақ таратылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Алматы әкімдігі мен «Nur Otan» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының «Қызғалдақ сыйла!» республикалық челленджін қабыл алып, одан әрі жалғастырды. Акция нәтижесінде Наурызды тойлауға жиналған қауымға тәттіден шашу шашылып, бір тал жауқазыннан таратылды.


«Біз осы акция арқылы тұрғындардың көңіл күйін көтермек болдық. Наурыз тек қазақтың ғана мейрамы емес, бүкіл түркі дүниесінің мейрамы. Береке мен молшылықтың символы іспеттес, шашу шашылды. Бұл қазақтың ежелден келе жатқан дәстүрі. Шашудан ауыз тиген адамның үйінде той болады деген сенім болған. Қазақтың әр шаңырағында қандай аздаған қуаныш болсын, шашу шашылатын болған. Сонымен қатар, алматылықтарға бауырсақ таратылды», - деді қалалық Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Данияр Алиев.










Айта кету керек, кеше астаналықтар «Қызғалдақ сыйла!» челленджін бастаған еді. Сондай-ақ, бүгін таңертең Алматыда Ұлыстың ұлы күні келгенінің белгісі ретінде салтанатты шеру болды. Алматы көшелерімен қазақ эпостарының батырлары, ертегі кейіпкерлері жүріп өтті.


 




Көрілген: 2189    Пікірлер: 0

бейсенбі, 21.03.2019, 17:04

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Қаңтар, 12:37
    Ең шулы киім үлгілері

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31