Инста-Алаш

Алтынай Жорабаева: Қара жұма деп, ақыры қаралы жұма қылдық

  • Алтынай Жорабаева: Қара жұма деп, ақыры қаралы жұма қылдық

    Алтынай Жорабаева: Қара жұма деп, ақыры қаралы жұма қылдық

Отандық эстрада жұлдызы Алтынай Жорабаева көпшілікті айтылған әрбір сөзге абай болуға шақырды. Өнер иесі, ауыздан шығатын сөз шынайы өмірде орын алуы мүмкін екенін алға тартты. Әнші бұл мәселе аясыда желіде азулы жазба жариялап, "қара жұма" деген жеңілдіктерді насихаттап, жарнамалап жүргендерді сынға алды деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Жорабаева аталмыш жазбасын Instagram желісіндегі ресми парақшасына жүктеді. Шоу-бизнес өкілі қасиетті күнді "қара жұмаға" алмастырған көпшілікке ашуланып, бар ойын ортаға салды.

"Қасиетті Жүмадағы тілеген дұға-тілектеріңіз қабыл болсын. Күндердің сұлтаны - жұма. Көңілді жұма, керемет жұма. Міне, біз бұл күнді осылай мақтап, бүгінгі акцияларға да осындай атаулар беруіміз керек. "Қара жұма, қара жұма" деп, ақыры қаралы жұма қылдық. Ауыздан үнемі шығатын сөз , өміріңде орын алады.
Осы орайда маған ең көп қойылатын сұрақтың біріне жауап беріп өтсем деп едім. Аффирмация айтасыз ба? Иә айтамын және кеше бастаған жоқпын. Бұл менің өмір салтыма сіңісті болып кеткен дүние. Бұл кеше Пайғамбарымыз(с.ғ.с.) "жақсы сөйле, болмаса үндеме" деп өсиет еткен сүннет. Бабамның "жақсы сөз - жарым ырыс" деп үйреткен өнегесі.

Әрдайым жақсы ойда болу, жақсы сөйлеу, тіпті өлімнің өзін жұмсақ жеткізу бұл біздің қанымызға сіңген қасиет. Маған қиянат жасап, артымнан талай өсек, алып-қашпа әңгіме айтқан адам жайлы да жаман айтпауға тырысып, кемішілігін жылы жауып, кең болсаң кем болмайсың деп жүрген қазақпын. Алла бізге не берсе де, сол жақсы ойлап, жақсы сөйлейтін, ешкімді өсектемейтін, ақ адал пейілімізге береді. Аффирмация деп ат қойып, айдар тағып қазаққа жаңалық қылудың қажеті жоқ деп ойлаймын" , - деп жазды әнші.
Айта кетейік, бұған дейін Алтынай Жорабаеваның сахнада қалай ыңғайсыз жағдайға қалғанын жазған болатынбыз. 




Көрілген: 1740    Пікірлер: 0

сенбі, 04.01.2020, 19:21

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29