Соңғы уақытта актер Сәбит Әбдіхалықов пен әнші Алтынай Жорабаеваның ортақ некесінен туған қыздары әлеуметтік желідегі жұрттың назарына жиі ілігіп жүр. Бұл жолы олардың Айнара есімді қызы өгей әкесін ерекше қабілетімен тәнті еткен, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.
Ғаламторда тараған бейнежазба үйде түсірілген. Алтынайдың екінші қызы отбасына тәтті торт әзірлеген. Видеоға зер салсақ, Жорабаева тәтті тағамнан әуелі отағасына, яғни қазіргі күйеуіне дәм татқызып, кейін Айнараны жер-көкке сыйғызбай мақтайды.
Біздің Айнараның қолынан шыққан осындай рулет. Дәм татудамыз. Қалай? Күшті ме? — деп Алтынай қазіргі күйеуінен сұрады.
Бейнероликте Алтынайдың екінші қызы пісірген тәтті бәліш өгей әкесіне қатты ұнағанын аңғаруға болады. Бас бармағын шошайтқан ол бойжеткеннің қабілетіне тәнті болып, жоғары бағасын берді.
Айта кетейік, Айнара — Сәбит пен Алтынайдың екінші қызы. Ол биыл мектепті тәмамдап, университетке түскен. 18 жастағы бойжеткен ата-анасының жолын қуып, өнер саласын таңдаған екен. Қазір ол Қазақ ұлттық өнер университетінің "Операторлық өнер" мамандығы бойынша біліп алып жүр.
Алтынайдың екінші қызы отбасына тәтті торт әзірледі / instagram.com/aiinarae