Әміре Индира Еділбаевамен ара-қатынасы жайлы шындықты айтты

22 қазан 2021, 16:40

Әнші "Гәкку" арнасына берген сұхбатында шындықты айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. "Инди - өте әдемі, жас балалардың көңіл бөлуіне тұрарлық, керемет, сұлу, нәзік, тәрбиелі қыз. Заманауи да, тәрбиелі де. Оның бойында бәрі бар.

 Мен ерекше жақсы көретін арулардың бірі. Ол жанды өте қатты құрметтеймін. Бірақ арамызда бірдеңе бар деп айта алмаймын. Тек қана достық махаббат", - деп мәлімдеді Әміре.

Сондай-ақ, әнші шығармашылығындағы жаңалықтарымен бөлісті. Ол қазіргі уақытта Ресейде вокалдық жобаға қатысып жатқанын айтты. 
"Қазір Мәскеуде вокалдық жобаға қатысып жатырмын. Жақын арада көрсетуі мүмкін. Оған қатысамын деп өзім шештім. Өз кандидатурамды ұсындым, қабыл алды. Мәскеуге шақырды. 

3-4 айдан бері екі елдің арасында жүрмін. Ресейдің орталық арнасынан көрсетеді", - деген Әміре жобаның атын атаудан бас тартты.

Stan.kz