Әнші Jah Khalib сәбиінің суретімен бөлісті

09 маусым 2022, 12:46

Қазақстандық рэпер, әнші Jah Khalib алғаш рет жаңа туған қызымен бірге түскен фотосын көрсетті. Рэпердің бұл публикациясы көп лайк жинап, парақшасындағы ең танымал постқа айналып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Рэпер кішкентай қызын әлдилеп жатқан сәтінен фото бөлісті. Онда әншінің сәбиі қызғылт көрпеге оранған күйі жатыр. Ал әкесі оған сүйсіне қарап, әлдилеп отыр. Jah Khalib фотоның астына «03.38» деп жазып қойды.

Jah Khalib-ты әріптестері мен жанкүйерлері құттықтап жатыр.