"Әрі қарай өмір сүруге тырысудамын": Аружан Жазылбекова қиын кезеңді өткеріп жатыр

20 мамыр 2022, 16:53

Актриса Аружан Жазылбекова желіде жан сырын ақтарып, оқырмандарына бүгінде басынан қиын кезеңді өткеріп жатқанын айтты, деп хабарлайды Nur.kz. 

Өнер иесі өз мұңын барынша ешкімге көрсетпеуге тырысып жүр. Аружан Жазылбекова Instagram желісінде сұрақ-жауап ашып, көпшілікті қызықтырған сауалдарға жауап берді. Оқырмандардың бірі актрисадан өміріндегі ауыр кезең туралы айтып беруін сұрады. Киножұлдыз мұндай жағдайды дәл қазір басынан өткеріп жатқанын мойындады.

"Қазіргі уақыт. Бірақ мен шашымды сәндеп, қызыл помада жағып, әрі қарай өмір сүруге тырысып жатырмын. Instagram-да шынайылықтың екінші жағын ешқашан көре алмайсыздар", - деп жазды Жазылбекова.

Оған қоса актриса өмірдің күші махаббатта екенін айтты.

Еске сала кетейік, бұған дейін Аружан Жазылбековаға сүйіктісі үйленуге ұсыныс жасағананы хабарлаған болатынбыз. 

Nur.kz.