Инста-Алаш

"Арман қайда?": Аша Матай бейтаныс жігітпен көзге түсті

  • "Арман қайда?": Аша Матай бейтаныс жігітпен көзге түсті

 Арман мен Ашаның ажырасып кеткені қаншалықты рас? Күні кеше Матай өзге жігітпен көпшіліктің көзіне түсті. Қазнеттің қызу талқысына түскен жұлдызды жұптың қазіргі қарым-қатынасы қалай? Оқырмандарын алаңдатқан атышулы отбасылық одақтың мәселесі жайлы оқи отырыңыз, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бүгінде бұл жұптың отбасылық одағына оқырмандары қатты алаңдаулы. Олардың секемденуіне секем де жоқ емес. Бұрындары бақытты сәттерін желіге жиі жүктейтін Арман мен Аша қазір жанұялық естеліктерін бөлісуді доғарған.

Ерлі-зайыптылардың екеуі де инстага бірге түскен суреттерін соңғы рет алты ай бұрын жариялаған. Мұны байқаған жанкүйерлері жұбайлардың әр жазбасына әр түрлі сұрақ қойып отырады.

"Аша Матаймен ажырасып кеттіңіздер ме?", "Ашамен бірге түскен суретіңізді қоймайтын болсыпсыз", - дейді олар.

Көпшіліктің күдігі сейілмей тұр. Аша желіге бейтаныс жігітпен халық назарына ілікті. Бикеш жігіттің жүзін жасырған. Елді елең еткізген фото Матайдың фан-парақшаларының бірінде жарияланып, сәлден соң өшіп үлгерді.

Қазнетте тараған қауесетке жұлдызды жұптың мардымды жауап берер түрі жоқ. Аша декреттік демалысқа аттанардың алдында Арман жеке шығармашылығын қолға алатынын айтқан-ды.

"Жарты жылдай дуэтте ешқандай жаңалық болмайды. Мен жеке шығармашылығыммен айналысамын", - деді Қоңырбаев.

Жарты жылға жуық уақыт жуықтаса да, бұл дуэттің жеке өмірінде де, шығармашылығында да жағымды жаңалық жоқ.

Ашаның ақпан айында берген сұхбатында ол өзі жүргізген атышулы "Қалаулым" бағдарламасын тізгіндеуі тиіс еді. Алайда ол бағдарламаға қайта келмеді. Соған қарағанда жұлдызды жұптың жоспары күрт өзгерген секілді.

Stan.kz




Көрілген: 433    Пікірлер: 0

бейсенбі, 30.07.2020, 19:06

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31