"Аша Матай" 4.8 млн теңгеге бағаланды

03 маусым 2022, 18:54

Алматы облысында әнші Аша Матайдың сахналық лақап атымен аттас бие сатылымға шығарылды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Сaravan.kz-ке сілтеме жасап.

Аша Матай атты жылқының сатылатыны жайлы жарнама Instagram-дағы Baige.kz парақшасында жарияланды.

 

Лақап аты Аша Матай. 5 жасар байтал. Аяқ-қолы сау. Бағасы 4,8 миллион теңге, — деп жазылған жарнамада.

 

Бұл жарнаманы оқыған танымал әнші, тележүргізуші Аша Матай не күлерін, не жыларын білмеді. Бірақ шоу-бизнес өкілі ақшасы болса өзі-ақ сатып алатынын айтты.

 

Күлейін бе, жылайын ба? Бірақ өзі әдемі ат екен, — деді әнші Аша Матай.