Аша Матай хиджаб киді (видео)

18 ақпан 2022, 18:34

Аша Instagram-дағы парақшасына ерекше видео жариялады, деп хабарлайды Экспресс К.

 

Танымал әнші Аша Матай әріптесі әрі әнші Мөлдір Әуелбековаға еліктеп дінге бет бұрмақ.

 

instagram.com/asha_matai

 

Бейнежазбада өнер иесі өзінің жатын бөлмесіндегі айнаның алдында хиджаб киіп тұр. Әншінің үстіне киген хиджабы қоңыр түсті. Тіпті видеоның астына ол "жұма қабыл болсын" деп жазған.

 

Қасиетті жұма күні тілеген дұға тілектеріңіз қабыл болсын, — жеп жазған әнші.

 

 

Әншінің бұл әрекетіне қарап, жақын арада өзге де әріптестері сынды басына орамал тағып, ұзын көйлек киіп кетсе таңқалудың қажеті жоқ. Өйткені шоу-бизнесте хиджаб киген әншілер жетерлік. Олардың ішінде Мөлдір Әуелбекова, Индира Расылхан бар. Ал Роза Әлқожа мен Ақбота Сейітмағамбет хиджаб киіп, кейін шешіп тастаған еді.