Инста-Алаш

Асхат Садырбай:"Нәтижесінде...Италия вирус кең таралған А санаттағы мемлекеттердің ең жоғарғы сатысынан бір ақ шықты"

  • Асхат Садырбай:

    Асхат Садырбай:"Нәтижесінде...Италия вирус кең таралған А санаттағы мемлекеттердің ең жоғарғы сатысынан бір ақ шықты"

Қайбір жылы іссапармен Еуропада жүргенде (Италия мен Испанияда) фейсбуктен эбола індеті жайлы ақпаратты көзім шалып қалды. Қазір ойлап отырсам сол кезде біздің және Ресейдің ақпарат құралдары сол індет жайлы көбірек ақпарат беріп отырғандай. Тіпті графикамен картасына дейін сызып, Еуропаның қақ ортасында кеңінен жайылып жатқанын көрсетті. Әлемдік ақпарат агенттіктері де айтып жатты ғой әрине. Бірақ бір қызығы жергілікті газеттер мен телеарналардан эбола жайлы ақпараттар аса байқалмады. Отельге келе сала интернетке қосылып бар ақпараттарды оқып уайымдап қоямыз, теледидарды қоссақ жағдай жаңағыдай, даурығып жатқан ешкім байқалмайды. Көшелерде де сондай. Түсініксіз. Бізді алып жүрген гидтен аталмыш індет туралы сұрағанымызда естімедім деді де жұмысын жалғастыра берді. Біз тағы аң-таң. Испания да, Италияда да жағдай солай болды. Себебі біз ол мемлекеттердің бірнеше қалаларын араладық. Жергілікті ақпарат құралдарының саясаты мен ұстанымын түсінбей, халықтың отандық БАҚ-на реакциясы өте төмен екенін байқап кеттік...Жалпы италиялықтардың эмоциясы өзге ұлттарға қарағанда өте жоғары. Қуанғанда да, қайғырғанда да эмоцияға тым қатты беріледі. Әдейі емес, болмыстары сондай. Өмірге деген махаббаттары ерекше, сұлулық пен әдемілікке жандары өте құмар. Бір байқағаным олар интернетте көп уақыт отырмайды. Дәстүрлі кездесулерді жақсы көреді. Ешқайда асықпайды, сағаттап әңгімелесіп отыра береді. Теңіз өнімдерін, паста жеп, аздап шарап ішіп қойып көңілді жүруге тырысады.


Ал, бұл күндері ол елдердегі жағдай мүлдем басқа. Қиын. Жаңа Италия қалаларының мэрлерінің халыққа үндеулерін көріп шықтым. Оқушыларға ұрысатын ағайлар сияқты кәдімгідей ұрысып ескертіп жатыр. Бір жағынан ол мэрлерді түсінуге болады. Халық бейғам, онша-мұншаға тез реакция бермеген, ештеңе етпес деп қойып жүре берген, ақпарат құралдарына жаңағыдай құлақ аспаған. Нәтижесінде...Италия вирус кең таралған А санаттағы мемлекеттердің ең жоғарғы сатысынан бір ақ шықты. Жаңа Туриндегі танысымның жазбасынан оқып қалдым, бүгінде ол жақта ауруханаға түсіп жатқандардың саны әдеттегіден он есеге артқан. Бәрінің жүйке жүйесі кетіп жатқан көрінеді, нервный срыв. Уайымдамай қайтеді, күн сайын ол жақта аты жаман вирустан жүздеп адам өліп жатыр. Оның үстіне өте қатаң карантин. Үйден шығуға ешкімге рұқсат жоқ. Италия және басқа да елдер қазір экономика және басқа да мәселелерді бір шетке ысырып қойып ұлтты аман алып қалу үшін барынша күресуде. Бұдан өзге елдер де, біз де сабақ алуымыз керек. Әрекетсіздік пен немқұрайлық өте қауіпті. Эмоцияға қатты беріліп, сары уайым мен паника да қажет емес. Сақтық пен сабырлық қажет. Үйден шықпаңыздаршы, өтініш. Қазақстанның қай қаласынан болсаңыз да!

Италиялықтарға және басқа да елдерге амандық тілейміз! Науқастар жазылып кетсін. Мынау вирустың аты өшіп, әлемде тезірек тыныштық орнаса екен. 




Көрілген: 858    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 30.03.2020, 11:31

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31