Инста-Алаш

Әсия Бақдәулетқызы:"Айтайын дегенім, қыздарды кем бағалауды қою керек"

  • Әсия Бақдәулетқызы:

    Әсия Бақдәулетқызы:"Айтайын дегенім, қыздарды кем бағалауды қою керек"

Арқамда тұрған - Англияның I Элизабет патшайымы. Әкесі VIII Генриге бір тәуіп "сенің ұрпағың елді қырық жыл билейтін ұлы билеуші болады" депті-мыс. Соны естіп алып патша ұл күтеді, бірақ бәйбішесі ұл тумайды. Сыныққа сылтау керек, қызқұмар монарх бәйбішесінен ажырайды. Энн Болейн деген қызға үйленеді. Генри бәйбішесінен ғана емес, монарх некесін бұзуға рұқсат бермейтін Рим католик шіркеуінен де ат құйрығын үзісуге мәжбүр болған. Англияны бұдан былай протестанттық ел деп жариялап, Ватиканның алым жинаушыларын қуып шыққан. Сөйтіп, Еуропа тарихындағы дін үшін кескілескен дүбірлі дәуір басталып кеткен. Аттай қалап алған Энн Болейн, бірақ, ұл емес, тағы да қыз туады. Ашулы Генри сылтау тауып әйелдің басын алады. Патша одан кейін де 4 әйел алады: бірі ұл туып қайтыс болады, бірінің сатқындық үшін басы алынады, бірінің некесі бұзылады.Генри көз жұмғанда тоғыз жасар жалғыз ұлы Эдвард таққа келіп, ол бейшара он бес жасында құрт ауруынан көз жұмды. Одан кейін тоғыз-ақ күн Генридің қарындасы Леди Джейн, одан кейін бес жыл Генридің тұңғыш қызы Мэри ел билейді. Олардың ешбірі де келесі монархтың даңқына жете алмайды.Мэри көз жұмғанда суреттегі Элизабет, баяғы басы алынған Энн Болейннен туған қыз, таққа келіп, 45 жыл отырады. Расында да, Англия үшін әскери, экономикалық табыстар әкелген әйгілі билеушіге айналады.Айтайын дегенім, қыздарды кем бағалауды қою керек. Игілік еркек-әйел деп таңдамайды. 




Көрілген: 1069    Пікірлер: 0

бейсенбі, 14.11.2019, 12:34

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31