Атышулы Диана Қырықбай келіншектерге кеңес берді

30 мамыр 2022, 20:42

Бұл туралы жүргізуші өзінің TikTok-тағы парақшасында айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.

Танымал тележүргізуші Диана Қырықбай бұл жолы қайынбикелерінен таяқ жейтін келіндерге ақыл айтты.

 

Тележүргізушінің айтуынша, әлеуметтік желіде ақыл-кеңес сұрап хат жазатын қыз-келіншектер көп көрінеді. Олар жауап бермесе де қоймай жазады екен. Бұл жолы Дианадан бір келіншек "Қайынбикелер қол көтерсе не етер едіңіз? Менде сондай жағдай болып жатыр. Не істеймін?" деп сұрапты.

 

Диана әйелдің өзінде жеке өмірі болмаса, өзгенің өміріне араласатынын айтады.

 

Мен не істер едім? Бірінші күйеуіме айтар едім. Егер күйеуіңіз бұл мәселені шеше алмаса, заңды түрде шешу керек. Полиция шақыру керек. Оған көгерген жерлеріңізді көрсетіп, сотқа беру керек. Мейілінше ол адамдардан алысырақ жүріп, араласпаған дұрыс, — дейді тележүргізуші.

 

Диана келіншектерге күн бермейтін қайынбикелерге аянышпен қарайтынын айтады. Себебі олар өздерінің жеке өмірін дұрыстай алмаған.

 

Менің екі ағам, бір інім бар. Жеңегелеріме бір сөз айтқан емеспін. Бір жағдай болса міндетті түрде өзімді сол орынға қойып көремін, — дейді Диана.