Атышулы Супермамасита тербелмелі орындықта тербелем деп масқара болды

23 маусым 2022, 19:52

Блогер таудың етегінде ашық аспан астында тербелмелі орындықта тербеліп отырып оңбай құлап қалды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі , деп "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.

Супермамасита лақап атымен танымал блогер Әлия Байтұғаева тербелмелі орындыққа отырамын деп ажал құша жаздады.

 

Әлияның ауыр темір орындықтың астында қалған сәтін оның құрбысы таспаға басып алған. Оны атышулы блогердің өзі Instagram-дағы парақшасына жүктеді. Соған қарағанда блогер ауыр жарақат алмаған сияқты.

 

Осындай келеңсіз жайт тек менімен ғана болады, — дейді Супермамасита.

 

 

Видеоны көрген желі қолданушылары Супермамаситаға қолдау білдіріп жатты.

 

"Аман болыңыз". "Абайлаңыз". "Әлия шытырман оқиғасыз жүрмейді", — деп жазды желі қолданушылары.