Айдана Меденова жартылай жалаңаш суреттерін жариялады

11 мамыр 2022, 20:09

Танымал әнші Айдана Меденова жасөспірім қыздарға желіде кеңес берді. Өнер иесі "адам өзін өзгертсе, оның өмірі де түбегейлі өзгеретінін" айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.

Әнші Instagram-дағы парақшасы арқылы жүргізген сұрақ-жауап барысында өмірге деген көзқарасын білдірді.

 

Оның ойынша адам өмірге жеңіл қарамау керек.

 

 

instagram.com/___aidanamedenova___

 

"Өзіңнен басқа ешкім сенің өміріңді өзгерте алмайды. Алдымен мақсатыңды айқындап ал. Өмір сенікі, қандай өмір қалайсың сол болады. Бұл тек сенің әрекетіңе, еңбекқорлығыңа байланысты. Жеңіл жол іздемей, бірінші өзіңнің санаңды, ойыңды өзгерт. Көркем әдеби кітаптар оқы", — дейді Айдана Меденова.

 

 

instagram.com/aidanamedenova_officialpage

 

Экспресс К бұған дейін Меденова жұлдыздардың жарнама жасағанын құптайтынын жазды.

 

Әншінің айтуынша, жұрт жарнамаға сеніп зат сатып алса, оған шоу-бизнес өкілдері кінәлі емес.

 

Соңғы уақытта әнші ашық-шашық киініп елді шулатып жүр.