Айдана Меденованың жаңа образын "жезөкше сияқты" деп сынады (видео)

23 ақпан 2022, 19:12

Танымал әнші Айдана Меденова тағы да елді шулатты. Меденова бұл жолы қысқа көйлек киіп алып, бөксесін бұлғаңдата жүрген видеосын Instagram-дағы парақшасына жүктеді, деп хабарлайды Экспресс К.

 

instagram.com/aidanamedenova_officialpage

 

Бейнежазбада әнші үстіне қысқа қызыл көйлек іліп алған. Өнер иесі сол көйлекпен ұзын дәлізбен бөксесін бұлғаңдата жүріп өтеді. Осылайша танымал әншінің көйлегі жұрттың назарын өзіне аударды. Кейбірі оны сынап, тұрмыстағы келіншектің жабық киінуі керек екенін ескертті.

 

 

Жезөкше сияқты көрінесіз. Күйеуі қызғанбай ма екен? Кәмшаттан қалыспай шешін. Соңғы уақытта Айдана өзгеріп кетті. Мынаған не болып кеткен, қайдағы біреуге еліктеп, — деп жазды желі қолданушылары.