Инста-Алаш

«Әйелің ауырып жатса, тұр тамақ істе деп қалай айтасың?»: Дәурен Серғазин ер азаматтардың отбасыдағы әрекеті жайлы айтты

  • «Әйелің ауырып жатса, тұр тамақ істе деп қалай айтасың?»: Дәурен Серғазин ер азаматтардың отбасыдағы әрекеті жайлы айтты

    «Әйелің ауырып жатса, тұр тамақ істе деп қалай айтасың?»: Дәурен Серғазин ер азаматтардың отбасыдағы әрекеті жайлы айтты

Дәурен Серғазин отбасында ең маңызды нәрсе тыныштық деп атады, деп хабарлайды Stan.kz. 

Адамдар бір отбасындағы ер азаматтардың әрекетін, немесе әйел адамның әрекетін сынауға ешкімнің хақысы жоқ дегенді айтты.

Бұл туралы актер «Қасқа жол» бағдарламасында мәлімдеді.

Актер әр азаматтың отбасындағы әрекетін өзге біреудің сынауға құқығы жоқ дейді. Бақытты отбасының формуласын қолдан жасаудың керегі жоқ.

«Мен бақытты отбасының формауласын ойдан жасаудың түкке керегі жоқ деп санаймын. Себебі, бақытты отбасы ол тыныштықта. Ешбір адамның бір отбасындағы азаматтың не әйелдің әрекетін сынауға хақы жоқ. Ол азаматқа үйде тамақ жасаған ұнайтын шығар. Немесе әйеліне көмектесу үшін жасағысы келетін шығар. Мен ер адамдардың тамақ жасағаны дұрыс деп жатқан жоқпын. Мен азаматтардың әйеліне көмектескенін құптап жатырмын», – деді актер.

Айтуынша, егер қандай қатынас болмасын ер мен әйел тату болса, елдің сөзін көңілге алудың керегі жоқ.

«Бастысы ер мен әйелі тату ма, екеуіне де солай ыңғайлы ма, ер азаматқа өз әрекеті, отбасындағы аурасы ұнайды ма, бастысы сол. Еркек мынаны істесін, мынаны істемесін деп қалай айта аламыз. Әйелің ауырып жатса, тұр тамақ істе деп қалай айтасың? Ол әр адамның тәрбиесіне, санасына байланысты. Саналы азамат, отбасында дұрыс тәрбие алған азамат ондайға жеткізбейді. Өз баласын да дұрыс тәрбиелей алады», – дейді ол.

Stan.kz. 




Көрілген: 1505    Пікірлер: 0

жексенбі, 28.11.2021, 00:41

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31