Инста-Алаш

Айгүл Болатханқызы:"Тойға шашу үшін дүние жинайтын ұлт Жердің бетінде қазақ қана!"

  • Айгүл Болатханқызы:

    Айгүл Болатханқызы:"Тойға шашу үшін дүние жинайтын ұлт Жердің бетінде қазақ қана!"

Қазақта той мен садақа көп. Аруақ сыйлап, жақынын жоғалтқан жандардың қайғысына ортақ болу парыз ғой, төбе көрсетпей қалатын кезім болмайды. Садақа мен Астан кешігетін қазақ сирек. Солай болуға тиіс! Басқа салатын бір жапырақ орамал сөмкенің бір бұрышында жүріп, әйел атаулы садақа мен Асқа етегі ұзын көйлек киіп келгенді де міндет санаса... Өзіңді де, өзгені де сыйлағаның. ***

Ал той... Баруды міндет санап еріксіз жиналатын да, орныңнан лып етіп көтеріліп, асыға күтетін тойлар да болады. Той деген алдыңа қойылған тамаққа тою емес, көңілге марқаю, қуанышқа тою ғой. Енді осы тойларға екі сағат кешігіп бару қайдан шықты? Неге той иесін сыйламаймыз? Той иесінен бұрын өзіңді сыйлауға не жетпейді? Тойға барып тост көтертіп, тілегін айтқан соң тайып тұратын адамдар да, кешігіп жүретін кісілер де аса ұнай қоймайды... Маңызды бір себебі болмаса... Бір уақ өзің де той жасап, қонағыңның асты күттіріп кешігіп келгенін көргенде, бірінші дастарқаннан соң-ақ залдағы бос үстелдерге көзің түскенде қандай күй кешеріңді есіңе алып көрші... Әсілі, бытпыратып танитынның бәрін тойыңа шақырудың қажеті шамалы-ау! Оның бәрі саған тілеулес емес, бәрі саған көңіл сыйлай білмейді. Білсе, кешікпей келіп, дастарқандағы дәмді аттап кетіп қалмас еді ғой. Ойланатын жайт. ***

Тойға шашу үшін дүние жинайтын ұлт Жердің бетінде қазақ қана! Жақсылыққа шашылғанға не жетсін! Тойдан тобықтай деп ырым қылатын да, сарқыт күтетін де - қазақ. Орнымен істелген нәрсенің бәрі жұғымды, бәрі жанға жылылық сыйлайды, бәрі ғажап! Бірақ сол сыйлықты салатын әдемі қағаз қораптар мен оюлы қағаз сөмкелерді неге қазақтың өзі шығара алмайды? Не кедергі? 




Көрілген: 1136    Пікірлер: 0

бейсенбі, 24.10.2019, 12:17

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30