Айгүл Иманбаева ер адаммен төсектегі әрекеті үшін сынға қалды

30 желтоқсан 2022, 15:23

Әнші, актриса Айгүл Иманбаеваның "Өнер қырандарының" актері Жанболат Найзабековтың үстіне шығып талтайып билеген видеосы сынға ұшырады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі sn.kz-ке сілтеме жасап.

Видеоны желіге Айгүл Иманбаеваның өзі жүктеген.

 

"Түсірілім барысы қалай өткені жайлы естелік видеолармен бөлісіп қояйын", - деген актриса.

 

Айгүл Иманбаева Жұлдыз Әбдікәрімованың продюссерлігімен шығатын "Ажырасамын" фильміне түсіп жатқан екен.

 

Жатын бөлмеде ұйықтарда киетін киімімен актер жігіттің үстіне шығып билеген Айгүл Иманбаеваға жұрт түрлі пікірлер жазуда. Бірі бұл оның мамандығы екенін айтып ақтаса, екіншісі мұндай қылығы ерсі екенін жазуда.

 

Сондай-ақ, халық Айгүл Иманбаеваның астында жатқан актер Жанболат Найзабековтен де айналып өтпеді. Оның қажылыққа барып келгенін айтып, жағасын ұстап отырғандар көп.