Инста-Алаш

Айгүл Орынбек:"Еркектер судағы балықтар сияқты, уылдырығын шашып жүргені жүрген"

  • Айгүл Орынбек:

    Айгүл Орынбек:"Еркектер судағы балықтар сияқты, уылдырығын шашып жүргені жүрген"

Қазақтың еркектеріне алимент төлеуді, заңды күшейтпей, әйелдердің Ақ Ордаға барғаны барған!Бала жасауды білген еркек асырауды да білу керек!

Біз де не көп, некесіз туылған бала көп ауылды жерде. Қызды алып қашады, некесін мешітте қидыра салады , жәй танысып бірге тұра салады, баланы туа салады. Соңында сүйем күйем деген еркек нәпсісін қандырып кетеді, басқа қатын іздеп! Ал әйелдер қауымы үйсіз күйсіз, ақшасыз мемлекеттің мойнына жүк болып қалады! Енді әділдік қайда? Еркек өз ләззатын қандыру үшін баланы жасайды. Оны біз бағуымыз керек пе? Мемлекеттің өз ақшасы деген жоқ! Қазынадағы ақша біз сияқты салық төлеп отырған азаматтардың ақшасы! “Мұнайдың ақшасы бар ғой ойбай”- дейтіндерге айтарым, зауыттың бәрі шет елдікі мықты болсаң солардан тартып ал. Біздің елге бағынышты ештеңе қалмаған! Мемлекет ешқашан ондай байлардан, жемқорлардан алмайды қаржыны. Олар сол қайтадан қарапайым халықтан алады! Біз бір-бірімізді қанап жатырмыз! Ал билік елге пайдалы жүйені бере алмай отыр. Жалпақ тілде айтқанда басқара алмай отыр. Ата бабамыздан қалған мақал бар. “Балық берме, қармақ бер”-деген!
Кеше ғана “көп балалы аналардың жағдайы дұрысталсын “-деп жүргендер, бүгін әрбір бала деген ұранға көшіпті. Ертең “өмір сүргенім үшін ақша төлеңдер”- деп жүрмей ме?!
Жалпы айтпағым еркектерге алимент төлеуді қатаң заңдастыру керек! Түркия елінің отбасылық заңдарын алсақ дұрыс! Тек балаға емес, балаға қарап отырған анаға да алимент күйеуі төлеу керек! Алимент өндіруді сот орындаушы деген жемқорларға бермей, прокуратураға тапсыру керек! Талай сот орындаушының алимент ақшасын жеп жүргенін көргем. Ал ер азаматтарға сол ажырасқан әйеліне, баласына алимент төлеу үшін мына мемлекет, ер азаматтарды айлығы мықты шет ел компанияларында жұмыспен қамту керек! Біздің елде жұмыс істейтін барлық компанияға солай талап қойылу керек! Баласы бар, жұмыс істемей жатқан еркекті мемлекет артынан қуып жүріп жұмысқа тұрғызу керек! Әйел бала шағасы аш қалмас үшін, мемлекеттен ақша сұрамас үшін! Сол кезде ғана біздің елде адам өміріне жауапкершілікпен қарау пайда болады! Ал оған дейін еркектер судағы балықтар сияқты, уылдырығын шашып жүргені жүрген! Ал қазақ әйелдерінің сұрағаны сұраған. 




Көрілген: 2151    Пікірлер: 0

бейсенбі, 16.01.2020, 11:36

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29