Инста-Алаш

Айгүл Орынбек:"Соларды солай тайраңдатып қойған, мына өздеріңіз!"

  • Айгүл Орынбек:

    Айгүл Орынбек:"Соларды солай тайраңдатып қойған, мына өздеріңіз!"

Дәрігерлер мен мұғалімдер халыққа өкпелеудің қажеті жоқ!

Араларыңызда бір адам шындықты айтса, коллектив болып жабылып, бастықтарыңа жағымпазданып сол шындық айтқан адамның түбіне жететін едіңдер!
Мысалы ретінде кешегі Меркідегі дәрігерді алсам болады.
Өздерің жағымпазданып жасап алған жүйенің нәтижесін көріңдер енді!

"Бізді бай бағландар,шенеуніктер сыйламайды, солардың шет елге демалып келгені бізге міндеттей"-деп жыламаяқ қойыңыздар!
Соларды солай тайраңдатып қойған, мына өздеріңіз!
"Сәлеметсіз,артыңызға қалай кірсем,болады"- деп жүрген әрбіріңіз! Өз азаматтық ұстанымы жоқ, жемқорлықпен күресе алмайтын қорқақ жағымпаз сатқындардың арқасында осылай болып отыр.
Мен көшеге митингке шық демеймін! Саған қызмет етуге келген басшының артына жағымпазданып кіре бермей, заңды түрде коллектив болып өздеріңе тиесілі дүниелерді осы уақытқа дейін сұрағанда, қәзір мәртебелерің биік болатын еді!
Ал енді келіп елдің басына күн туғанда, бәрің жүйенің былығын көріп қалыпсыңдар! Бұл жемқорлық,бұл былық биыл ғана пайда болған жоқ!
Бұл өздерің қолдан жасаған жүйе!
Президент ауысу керек дейсіңдер ме? Мың президент ауысып келсе де, халық өзі өзгермей, жүйе өзгермейді!
Жағымпаздық, сатқындық, артқа кіру,өз қарабасын ойлау бұл жемқорлықты қолдау, қолдан жасау болып табылады!
Яғни өз азаматтық пікірін айта алмай жүрген әрбіріңіз ойланыңыздар, мемлекет бір адамнан құралмайды. Мемлекеттің осындай жағдайға жеткеніне әрбіріміз кінәліміз!
Жемқор басшының қылмысын жасырып отыра беретін болсаңдар, осылай сорлы болып жүргендерің жүрген!
Президентіміз мүмкіндік беріп отыр.
"Біз естуші мемлекетпіз"- деп, сен өз ойыңды ашық айтушы азамат бол!
Сол кезде ғана батпаққа батып бара жатқан елді құтқарып қаламыз! 

Инстаграмдағы парақшасынан




Көрілген: 2431    Пікірлер: 0

сейсенбі, 14.04.2020, 10:12

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30