Инста-Алаш

Айнұр Тұрсынбаева: "Ауылда отырып алып Алматыда болып жатқан біреуді өсектеп жатамыз"

  • Айнұр Тұрсынбаева:

    Айнұр Тұрсынбаева: "Ауылда отырып алып Алматыда болып жатқан біреуді өсектеп жатамыз"

Әдебиеттен беретін апай сабақ айтып тұр.."Бір күні теңіздің үстінде жүзіп келе жатқан алып кеме аударылыпты.. Құтқарушы қайық келгенде ішінде жалғыз орын бар екен.. Күйеуі қайыққа секіріп мініп, ал әйелі суға батып кетіпті.. Бірақ батып бара жатып бір ауыз сөзді айқайлап айтып үлгеріпті.. Қалай ойлайсыздар әйел не деп айтты?" деп сұрақты қоймай жатып оқушылар : "Сен оңбағансың, мен сені жек көремін, еркек емессің" деп айтқан шығар деп шуылдапты.. Тек бір бала ғана үндемей тыңдап отырып шу басылған соң "Балаға дұрыстап қарашы" деген шығар дейді.. Мұғалім таң қалып "Сен оны қайдан білесің?" десе, менің анам қайтыс болып бара жатып әкеме солай деген болатын деген екен.. Класста үнсіздік.. Бәрінің көзінде жас.. Мұғалім әңгімесін жалғастырып жатыр.."Сонымен кемеден аман қалған еркек қызын өсіріп, ұзатып артынша қайтыс болған екен.. Әкесі қайтыс болған соң қызы оның күнделігін тауып алыпты.. Ол жерде : "Әйелім екеуміз үлкен қаладан емнен келе жаттық.. Дәрігер маған "әйеліңіздің 2-3 күн ғана уақыты қалды, ішкі органдары түгі қалмай езіліп біткен, жүрегі әрең соғып тұр деді.. Бұл өте қатты ауыр соққы еді, себебі мен оны қатты сүйдім.. Қайтып келе жатқанда қатты дауыл тұрып біз келе жатқан кеме аударылды, құтқарушы қайықта жалғыз орын болды, әйелім қаламын деп шешті.. Мен өлімнен тіпті қорықпайтын едім, бірақ қызымды ойладым.. Титтей сәбиді ойлап қайыққа мініп кете бердім.." деп жазылған екен..

Біз көбінесе адамдарды танымай жек көреміз.. Көзімізбен көрмеген нәрсені талқылаймыз.. Біреу қателік жасаса "сондай қателікке оны итерген не екен?!" деп бас қатырып жатпаймыз, керісінше одан сайын табалап күнә арқалап жатамыз.. Ауылда отырып алып Алматыда болып жатқан біреуді өсектеп жатамыз.. Біреудің қоқсығын әңгіме қылып миымызға кіргізіп алып өз өмірімізді қоқысқа айналдырып алмайықшы...


Көрілген: 1842    Пікірлер: 0

сейсенбі, 17.09.2019, 14:00

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Қаңтар, 12:37
    Ең шулы киім үлгілері

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31