Инста-Алаш

Айнұр Тұрсынбаева: "Психолог көбейсе қуанайықшы... "

  • Айнұр Тұрсынбаева:

    Айнұр Тұрсынбаева: "Психолог көбейсе қуанайықшы... "

Орамалым әдемі ғой ия??? Бұл сыйлық емес, нәтиже! Кім сыйлады дейсіздер ғой.. Кешегі тренингтен соң 64 жастағы апа әкеліп жапты.. Жалғыз ұлы, келіні бар екен.. Келінмен тіл табыса алмай араласпай кетіпті, қазір шалым қайтыс болып жалғыз тұратын едім дейді.. Анда санда ұлы немересін әкеліп қуантып тұрады екен..Сонымен апама аяқ астынан келіні хат жазып "мені кешіріңізші, сізді жақсы көремін, ренжіспейікші МАМА" деп жазыпты... 3 жылдан соң! апам түк түсінбей не боп қалғанын сұраса "Айнұр Тұрсынбаеваның сабақтарына қатысып жүр едім, болмайтын нәрсеге ренжісіп ақымақ боп жүр екенбіз ғой" депті. Сториестерді қарасаңыздар алғыс айтқан хаттардан көрінбейді..Мен өзім оқып отырып рахаттанамын.. Әлхамдулиллаh... Психологтың қайсысын алсаң да жақсы сөйлеуді, ойлауды, өсек айтпауды, ажыраспауды, қарыс қатынасты жақсартуды насихаттайды.. Сондықтан психолог көбейсе қуанайықшы... Психологтар мейірім мен махаббатты таратушылар.. Көптеген отбасыларда сыйластық болмайды.. Сыйластық болмаса махаббат өледі.. Мектепте оқып жұргенде сыныпта бір бұзықтау балалар болатын.. Мұғалім де соған бейсаналы түрде шүйліккіш болады, қандай бұзықтық жасалса да солар кінәлі боп көрінетін.. Оларды ешкім іздемейтін де, олардың сөзін ешкім сөйлемейтін де еді.. Себебі олар махаббатсыз, жүректері суық отбасылардың балалары болатын.. Олар қатыгездікпен тәрбиеленгендіктен бүкіл қоғамнан қаталдық күтетін.. Балаға тәрбие беру телефон әперу емес, жақсылап киіндіру емес.. Махабббатпен мейірімге бөлеп өсіру! Ол үшін отбасында татулық болу керек! Өзіміздің анамызбен ренжісіп жүріп, енемізбен араласпай жүріп баламызға "мені сыйла" деп қай бетімізбен айтамыз?! Әке шешенің ұрысын көріп өскен қыздар "отбасы болған соң ыдыс аяқ сылдырап тұру керек" деп соны әдетке айналдырып алады.. Анасының бақытсыз жүзін көріп өскен қыздар көбінесе отырып қалады.. Баланы өсіретін отбасының махаббаты..Лайым, қазақтың әр шаңырағында махаббат орнасыншы..! Сіздерді қайдам, мен өзім сіздерді қатты жақсы көремін❤️❤️❤️


Көрілген: 1038    Пікірлер: 0

бейсенбі, 10.10.2019, 11:11

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31