Инста-Алаш

Айнұр Тұрсынбаева: "Содан бері ешкімді қарғамауды үйрендім” дейді..."

  • Айнұр Тұрсынбаева:

    Айнұр Тұрсынбаева: "Содан бері ешкімді қарғамауды үйрендім” дейді..."

Бір апамның әңгімесін жазамын деп жүргелі біраз болғанымен қолым тимей кетіп еді. Бастайын..

“Өзім жалғызбасты анамын, жалғыз ұлымды ешкімнен кем қылмай өсірдім, спорттан әжептеуір жетістіктер көрсетіп шетелдерге шыға бастаған..Бір күні бір бастық баламды кездесуге шақырды.. Сонымен кеткен балам жоқ. Шақырып алған адам бір қылмыстық іске жұмсаған, көнбеген соң намысына тиіп, мазақтаған екен.. Сонымен айқай шу шығып, төбелес басталып, милиция келеді.. Милиция кімнің кінәлі екенін сұрап та жатпайды.. Байқұс баланың қолын қайырып алып кеткен.. Ұзаққа созылған сот, әділетсіз шешім.. Сорлаған ана зар еңіреп әр есікті бір қаққанымен ешкім тыңдай қоймайды..Жалындап тұрған жас бала 8 жылды арқалап кете береді.. Ашынып кеткен ана осының бәріне тікелей кінәлі баяғы бастықтың өзіне барса хатшы қызы кіргізбеген.. Кешке дейін есіктің алдында күтіп отырып, кешке жүмыстан шығып келе жатқан көріп, алдына барып жалғыз ауыз сөз айтқан екен.. “Егер балам кінәлі болса сол түрмеде қалса да разымын, егер сен кінәлі болсаң жетім-жесір деп басынғаның үшін желкең үзілсін! “ депті...”Сенесің бе Айнұр, 1 жарым айдан соң сол бастық көкпарға қатысам деп аттан құлап желкесі үзіліп қайтыс болды деп естідім..Содан бері ешкімді қарғамауды үйрендім” дейді...
Аллах тағала айтады екен “егер сен біреуді ренжітсең мен ол адамның дұғасын қабыл етемін..”
Біз болсақ адамдардың көңілін қалдырып бақытты болғымыз келеді.. Қарызға деп ақшасын алып бергіміз келмейді.. Біреудің ақысын жеп байығымыз келеді.. Жетім-жесірді жылатып алшаңдап жүргіміз келеді.. Кедейлерді менсінбей байларға жақындағымыз келеді... Аллаh әділ! Алам түгілі аңның обалына қалсаң жауап бересің! Біреудің хақысы түгілі судың да сұрауы бар..! Сондықтан ренжіткен адамымыздан кешірім сұрамай, біреуден алған қарызды қайтармай, адамдардың көңіліне қаяу салып жүріп бақытты әрі бай боламыз деп тыраштанғанымыз құр далбаса..!!! 




Көрілген: 4463    Пікірлер: 0

бейсенбі, 28.11.2019, 15:54

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31