Айнұр Тұрсынбаева:"Ажырасып үйлену деген мақтаныш емес болғасын шытырман хикаяға толы тағдырымды айқайлап айта бергім келмейді"

20 қазан 2020, 15:12

Айнұр Тұрсынбаева күйеуімен бірге түскен суретін ақыры салды-ау&rdquo деп ертең сайттар шулай бастайды енді. Менің өмірім неге соншалықты қызық болып кеткенін білмеймін, әйтеуір отбасылық суреттерім бүкіл сайтта өріп жүр. Мен үшін ешкімнің өмірі қызық емес, жеткен жетістігі мен өнегесі ғана қызық. Оның үстіне ажырасып үйлену деген мақтаныш емес болғасын шытырман хикаяға толы тағдырымды айқайлап айта бергім келмейді.
Енді ең басты жаңалығыма көшейін... Алла қосқан жарым @imanaliyev_nurzhan екеуміз ақылдаса келе Алла разылығы үшін бір жария садақа жасайық деп шештік... Яғни ата-анасы жоқ тұл жетім 10 балаға ай сайын 30 мың теңгеден стипендия беріп тұратын болдық.. Тек жақсы оқитын балалар болуы шарт. .. @aidyn_nury_qory -ның қатысы жоқ. Өз атымыздан! Стипендия алу үшін +7 701 832 9194 Толғанайға жазсаңыздар болады...
Алла аналарды жесірліктен, балаларды жетімдіктен сақтасын! Лайым, ешқандай отбасы бөлінбесін.. Ешқандай шаңырақ құламасын, сәбилер жыламасын.

Инстаграм парақшасы