Айсәуле Бақытбек әкесі жайлы сұрағандарды "мамбет" деп атады

17 тамыз 2022, 09:55

Әкесі бостандыққа шыққалы Айсәуле Бақытбекке ең жиі жолданатын сауал біреу - "Әкеңмен кездестің бе?". Блогер жеке өміріне тыныштық бермейтіндерден әбден мезі болғанын айтады. Шыдамы шегіне жеткен Айсәуле бұл жолы әкесі жайлы сұрағандарға ұрысып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Айс, бәріне әкең жайлы ашып айтсаңшы. Бәріміз соны күтеміз", - деп жазған оқырмандардың бірі. Оған Бақытбекқызы: 

"Осындай хат жазатын мамбеттерге шыдайтын күшім жоқ. Жалынамын, менің парақшамнан шығып кетіңіздерші. Рахмет", - деп жауап берді. 

Десе де, Айсәуле әкесімен кездесіп үлгергенін айтты. 

Айта кетейік, шілде айының соңында Бақытбек Есентаев түрмеден босап шықты. Ол 2016 жылы 9 жылға сотталып, мерзімінің үштен екі бөлігін өтеген соң, сотқа арыз берді. Сот оның тәртібі мен бұрынғы әйелінің өтінішін ескеріп, босату туралы өтінішті мақұлдады. Есентаевты қарындасы мен дос-жарандары күтіп алды. Есентаев түрмеден шыққаннан кейін дәрігерлерге қаралып, Instagram-ға тіркелді.