Айсәуле Бақытбек перзентханадан шықты

21 қаңтар 2022, 13:30

Әлішер Қайдаров жары Айсәуле Бақытбекті перзентханадан шығарып алды. Мерекелік шараға жұлдызды жанұяның жақындары мен жан жолдастары келді.

Айсәуле Бақытбек жақында тұңғышын өмірге әкеліп, алғаш рет ана атанды. Сүйінші жаңалықты анасы Баян Алагөзова хабарлады. Ол өзінің әже атанғанын айтып, қуанышын бөлісті. 

Айсәулені перзентханадан шығарып алуға ет жақындары мен жолдастары келді. Ата-енесі, жолдастары, Баян Мақсатқызы мен Тұрсын Алагөзов те бар. Жас әке медицина қызметкерлеріне алғысын білдіріп, гүл шоқтарын тарту етті. 

Жаңа туған нәрестеге қандай есім бергені әлі белгісіз. Желідегі оқырмандар бауы берік болсын айтып, тілек білдіріп жатыр. 

“Ана болуыңмен, Айсаулешка! Сендер үшін қуаныштымын”, деп жазды Жазира Байырбекова. 


Баян Алагөзованың тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы фильмі Берлин кинофестиваліне қабылданды
Танымал әзілкеш бір жылда 75 келіге арықтаған

“Құтты болсын, бауы берік болсын”, “Бауы берік болсын. Бакытты балалық шақ тілеймін”, “Бақытты қыз болсын”, “Барша қуаныш иелерін құттықтаймын”, “Аман- болыңыздар, қазақтың қызы болсын”, – деп жазды желідегілер.

Күні кеше тұңғышын босанып, ана атанған Айсәуле Бақытбек перзентхана палатасынан сурет жариялады. Ол жеңіл босануы үшін барын салған дәрігерлер мен жанында болған күйеуіне алғыс білдірді.

Бұған дейін Баян Мақсатқызы тұңғыш немересімен түскен суретін жариялады.