Инста-Алаш

"Азиялық Оскар": Әсел Сәдуақасова үздік актриса атанды

  • "Азиялық Оскар": Әсел Сәдуақасова үздік актриса атанды

Әсел Сәдуақасова "Ұлболсын" фильміндегі рөлі үшін халықаралық кинофестивальде "Үздік актриса" аталымын жеңіп алды, деп хабарлайды Stan.kz.

Қуанышты хабарды Әселдің өзі Instagram стористе жеткізді. 

"Бұл менің халықаралық фестивальдегі алғашқы жүлдем. Халықаралық былай тұрсын, жалпы алғаш рет үздік актриса атануым. Ең қызығы, мен актриса екенімді ұмытып қала жаздадым. Енді жанама мағынада айтып жатырмын. Себебі киноға түспегелі біраз уақыт болды", - деп қуанышымен бөлісті Сәдуақасова. Айта кетейік, "Ұлболсын" кинокартинасының режиссері - Әділхан Ержанов. Продюсері әрі басты рөлді сомдаған - Әсел Сәдуақасова. Картина сюжеті бойынша, Ұлболсын - қалалық қыз. Ауылда тұратын сіңлісі Ажарды оқытуды армандап, қаржы жинайды. Сіңлісін алып кетуге ауылға барғанда оны әлдекімнің ұрлап кеткенін, өзіне тоқал етіп алғысы келетінін біледі. Қайсар да жігерлі қыз сіңлісін мұндай жағдайда қалдырғысы келмейді.

Фильмде сондай-ақ, Берік Айтжанов, Санжар Мәдиев, Динара Сағи, Данияр Алшынов сынды актерлер бой көрсеткен. 
 




Көрілген: 887    Пікірлер: 0

жұма, 10.09.2021, 11:47

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30