Инста-Алаш

Бағлан Абдырайымов: "Сенесіз бе? Сол сәтте көзімнен жас та шығып кетті"

  • Бағлан Абдырайымов:

    Бағлан Абдырайымов: "Сенесіз бе? Сол сәтте көзімнен жас та шығып кетті"

Өткен постымда осы жігіт жайлы жазғанмын. Құмардың жетегінде жүріп, отбасынан ажырап, өзіне қол жұмсауға дейін барған. Құдайдың қалауымен кездесіп қалып, біраз сырласқанбыз. «Кеткен ақшаң кетті, енді ойнама, әдемі өмір сүру қиын емес, оны мына сен қиындатып жүрген» - деп ақыл-кеңес бергенмін! Тыңдаған кісіден айналасың ғой. Арада бір ай өтіп, кеше тағы кездесіп қалдық. Баяғы жұпыны киімі жоқ, сақал-мұрт қырылған, өмірден түңіліп, жанары өшіп қалған Елдос мүлде басқаша болып өзгеріп кеткен. «Алла разы болсын! Бәке айтқан ақылыңа жүгініп, еңсемді көтердім. Жұмысқа тұрдым, отбасыма қосылдым, мешітке жиі барамын. Сіз айтқандай барлық проблема басымда екен ғой» - деп ағынан жарылды. Сенесіз бе? Сол сәтте көзімнен жас та шығып кетті. Ақ пен қараны ажыратып әдемі өмірінің тізгінін қайта қолына алды. Елдос, сен красавчиксің деп айта бердім, айта бердім! Кітапқа қолтаңба жазып, жамағатпен

сапқа тұрып, ЖҰМА намаздың парызын бірге орындадық! Елдостан үлгі алып сіз де КРАСАВЧИК болыңыз! 

Инстаграмдағы парақшасынан




Көрілген: 2289    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 25.11.2019, 13:08

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30