Инста-Алаш

Балалардың педофилизмнен, бала ұрлығы, өртте қаза болуы жиілеп кеткен біздің елде де осы қауіпсіздік шараларын үйретуді білім ордаларында көбірек көңіл бөлу керек сияқты.

  • Балалардың педофилизмнен, бала ұрлығы, өртте қаза болуы жиілеп кеткен біздің елде де осы қауіпсіздік шараларын үйретуді білім ордаларында көбірек көңіл бөлу керек сияқты.

    Балалардың педофилизмнен, бала ұрлығы, өртте қаза болуы жиілеп кеткен біздің елде де осы қауіпсіздік шараларын үйретуді білім ордаларында көбірек көңіл бөлу керек сияқты.

БАЛАҢЫЗ ОҚЫС ЖАҒДАЙЛАРҒА ДАЙЫН БА?! Аттракцион паркіне ойнауға барғанда кіші ұлымды жоғалтып алдық. Кезекте өзі тұрып, ойнап болған соң менің күтіп тұрған жеріме емес, ішін айналып ойнап кетіп қалыпты.
Парктің іші үлкен болса да, саспадым. Өйткені Америкада кез-келген балаларға арналған мұндай паркте әр 3-4 метр сайын күзет пен қызметкерлер тұрады. Таппасам солардың көмегіне жүгінемін, алдымен өзіміз іздеп көрейік деп паркті бір айналдым.

Бір уақытта қарасам ұлым бір қызметкердің қасында тұр екен. Қасына жақындап барып, ұлымның қашан, қалай барғанын сұрадым. Ойнап кетіп күтіп отырған орныма келгенде , мен іздеп кетіп қалғанмын. Ары-бері қарап, парктің қызметкеріне барыпты, ата-анамды жоғалтып алдым деп айтыпты. Өзінің жасын, аты-жөнін, ата-анасы туралы ақпаратты да қоса айтқан. Қызметкердің айтуынша 5 минут бұрын келген, бізді енді іздемек екен.

Менің қуанғаным тапқанымнан бұрын, 0 оқитын ұлымның көпшілікте жоғалып кетсе жылап, сасқалақтап емес өзінің не істеу керегін нақты білетінін білу болды. Мұндай жағдай болады деп еш ойлаған емеспіз, негізі қауіпсіздікті үйрету керекпіз ғой... Алайда менің орныма мектепте бала қауіпсіздігі туралы үйретеді екен. Саған бөтен адамдар жақындап, алып кеткісі келсе не істеу керек, бала ұрлығы секілді тақырыптарды балалар біледі.

Өрт қауіпсіздігі, табиғи апаттарда не істеу керек, қандай іс-қимыл жасау керек деген мектепте әр тоқсан сайын балалармен тренинг, эвакуация өткізіп тұрады.
Өрт болса не істеу керек десе, балалардың барлығы жауабын айтып, жасау керек іс-қимылдарын нақты көрсетіп бере алады.

Тіпті алғашқы көмек көрсету, тамақтан қақалып қалған жағдайда( балаларда жиі болатын жағдай) қалай құтқару керекті де біледі. Мұндай ақпараттық плакаттарды көз көретін жерде мектепте жиі кездестіруге болады.

Өмір болған соң түрлі жағдай болады,сол кезде бала не істеу керегін білмесе салдары жақсы болмайтыны анық. Балалардың педофилизмнен, бала ұрлығы, өртте қаза болуы жиілеп кеткен біздің елде де осы қауіпсіздік шараларын үйретуді білім ордаларында көбірек көңіл бөлу керек сияқты.
Сіздер балаларыңызды осындай жағдайларға дайындайсыз ба? Қандай іс-қимыл жасауын балаңыз біледі ме?
#америкамектептері 

Назым Космосбек




Көрілген: 528    Пікірлер: 0

бейсенбі, 27.02.2020, 10:38

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31