Балалы бола алмай жүрген әзілкеш жан сырын ақтарды

Балалы бола алмай жүрген әзілкеш жан сырын ақтарды

 Отандық танымал әзілкеш әрі асаба Елдос Қадірхановтың әйелімен отасқанына төрт жылға жуық уақыт болды. Алайда, ерлі-зайыптылар әлі де бала сүймеген. Олар бұл жайтты өздеріне берілген сынақ ретінде қабылдап, болашақта ата-ана бақытын сезіну мүмкіндігі бұйырады деген үмітте деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қадірханов келіншегі өздігінен бала көтере алмаса, олар сәби асырап алуға да дайын екендерін айтты. "Колобок" лақап атымен танылған блогердің сөзінше, жары екеуінің көмек сұрап бармаған дәрігері мен емшісі қалмаған. Алайда, олардың ешқайсысынан әзірге нәтиже жоқ. Бұл туралы әзілкеш белгілі журналист Зарина Мүслімге берген сұхбаты барысында айтып берді. Оның үзіндісі Instagram желісіндегі qaz.stars парақшасында жарияланған. Ел алдында әрдайым күліп жүретін Елдос "Колобок" бұл мәселеге келгенде шынында іші жылайтынын мойындады. "Бұл да бір сынақ. Біреуге есеппен, біреуге төсекпен демекші. Сондықтан, бұл да бізге түсіп тұрған сынақ. Кейбір адамдар түсінбейді оны. Тек өз басына келгендер түсінеді. Қанша жерден ойнап күліп жүрсек те, ішің жылайды ғой. Балам болса, оны да блогер қылып жіберемін. Видео түсіртіп, жұлдыз қыламын. Фантазиям деген кетіп қалған. Бірақ, соған жете алмай келе жатырмыз. Бұйырғаны болар, көреміз.

Біз негізі асырап алуға да дайынбыз. Оған да өзімізді дайындап қойдық. Болса болды, болмаса асырап аламыз. Былай қарап отырсаң, төртінші жылға кетіп барады. Көбісі шыда деп айтады. Бірі жеті жыл, тағы басқасы бес жылда бір-ақ балалы болғанын айтып жатады. Түрлі әңгімелерді естимін. Әйелім екеумізге де бірдей ауыр. Бұл жайында сөйлесеміз. Ол жылап қалса жұбатамыз. Біз сынып қалсақ, ол келіп жұбатады. Бұйырғанын көреміз. Медицина қанша жерден дамып жатса да, барлығын көрдік қой. Тамыр ұстайтынға да, отқа жағатынға да, суға тұншықтыратынға да бардық. Түнейтін де, орамал тарататын жерге де бардық. Бәрін көрдік. Айналып келгенде, сәждеге басымызды қададық. енді сабырмен күтеміз" , -деді ол. ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР "Осы сәтті он жыл күттім": Тележүргізуші Аида Боранбай ата-анасына көлік тарту етті (видео) Блогердің айтуынша, бұл жағдайда оның анасы келініне елеулі түрде қолдау көрсетеді. Айта кетейік, бұған дейін Елдос Қадірханов әкесінің өліміне қатысты бар шындықты айтқан болатын. Оны қылмыскерлер өлтіріп кеткен.

KAZ.NUR.KZ.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста