Инста-Алаш

Балғынбек Имашев: Вакцинацияға мәжбүрлесе көшеге шығып, қару алып соғысамын

  • Балғынбек Имашев: Вакцинацияға мәжбүрлесе көшеге шығып, қару алып соғысамын

    Балғынбек Имашев: Вакцинацияға мәжбүрлесе көшеге шығып, қару алып соғысамын

Танымал айтыскер ақын Балғынбек Имашев Instagram парақшасында халықтың мүддесіне қайшы келетін заңды қабылдауға қарсы екенін жазды.

 Алдыңғы поста айтпақ болғанымның жартысы сыймай қалды. Көршілер көтеріліп жатыр. Кәпір тоқ болса, мұсылман тыныш демекші, көршінің шуы бізге естілмей, жаңғырық бермей қалмайды. Ендеше, етек-жеңді қымтап, толғақты мәселерді шешуді тездетіп қолға алу қажет. Қазақ көшелі халық болған соң көшеге шығару оңай емес. Парламент сайлауы ма, Президент сайлауы ма, бізге аса маңызды емес. Бірақ, дәл мына мәселелерде қазақ баласын үйінде отырғызу да мүмкін болмай қалады:

1. Жер дауы (ол жерді шетелдіктерге сату ма, жалға беру ма, көрші елдер тарапынан агрессия ма, ұлтаралық кикілжің т.б.)

2. Жесір дауы (отбасы құндылығы, бала, жыныстық гендерлік саясат, вакцинация т.б)

Егер шын халықтың жоғын жоқтасаңыздар, халыққа жақындаймыз, халық үнін еститін боламыз десеңіздер, ең әуелі, Ата Заңдағы тіл туралы бапты дұрыстаңыздар!

Одан кейін халықтың мүддесіне қайшы заңдарды қабылдау түгілі талқылауды тоқтатыңыздар.

Тіл түзелмей діл түзелмейді,

Дін түзелмей дым түзелмейді,  деді Балғынбек Имашев.

Айтыскер көтерген мәселелерге байланысты желі қолданушысы Балғынбек Имашевтан «Нақты айтыңызшы, көшеге шығасыз ба?» деп сұрады. Бұл сұраққа Имашев:

«Осы заң қабылданса, өзім ғана емес, елді үгіттеп, өзім бастап шығам. Жер сатылса, вакцинацияны мәжбүрлесе, қазақ жеріне бірек қол сұқса, көше түгілі, қару алып соғысуға дайынмын,  деп жауап берді.




Көрілген: 1651    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 27.01.2021, 01:47

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31