Инста-Алаш

Балғынбек Имашев:"Енді, қайтіп ел боламыз? Шынымен құздан құлауға жақын қалдық па?"

  • Балғынбек Имашев:

    Балғынбек Имашев:"Енді, қайтіп ел боламыз? Шынымен құздан құлауға жақын қалдық па?"

Қазір билікті жамандасаң батыр, ымыраға, сабырға шақырсаң сектант, жақсылықты айтсаң жағымпаз, Мемлекетшіл болсаң "нұрбот" деп айдар тағатын, "екі ұртының бірі май, бірі қан боп, жақсы менен жаманды айыра алмау" былай тұрсын, жақсыға күйе жаққан, жаманды жоғары шығарған, ұятсыздықты "өркениет", ар сақтағанды "адасушы" деп айыптаған ақырзаман алдындағы аласапыран кезең ғой.
Билігі әлсіз, бишікеші арсыз, халқы қамсыз, идеалогиясы нәрсіз, тілі дәмсіз, діні мәнсіз, ділі жансыз біздің жағдайымыз қандай аянышты?
Енді, қайтіп ел боламыз? Шынымен құздан құлауға жақын қалдық па?
Жоқ! Ел боламыз! Үмітсіз - шайтан!
Қиын, әрине! Бірақ, қолға алсақ, бәрі болады!
1. Аллаға ғана құл боламыз! Ақшаға, атаққа, араққа, шайтанға, нәпсіге емес! Күнәмізға өкініп, шынайы тәубә жасаймыз, және Аллаға серік қоспаймыз!
2. Пайғамбарға үмбет боламыз! Бұйырғанын алып, тыйғанын тастаймыз. Сүннетін жаңғыртамыз, бидағаттан аулақ боламыз.
3. Ата-аналарымыздың разылығын іздейміз. Жұмсақ сөйлейміз, ренжітпей, қас-қабағына қарап, ақылдаса отырып, солардың ақ батасымен ғана іс қыламыз.
4. Басшыға бағынамыз. Патшаны жамандамаймыз. Бұйрығын орындап, әр ісіне жәрдемші боламыз. Хақымыз кетсе, адамнан емес Алладан сұраймыз!
5. Жұбайларымыз бен балаларымыздың хақын беріп, туған-туыстармен араласып, көрші-қолаңмен сыйласып, барлық адамдармер көркем мәміледе боламыз!
Ең ауыры, осы бесінші шарт. Алдыңғылары да оңай емес!
Бірақ!!! Осыны жасамай, ешкімді жамандауға хақымыз жоқ.
Тұңғыш Елбасымыздың күні құтты болсын! Президент сыртынан ғайбат айтып, диванда жатып ап боқтайтын зат емес!
Ту, Елтаңба, Әнұран секілді Мемлекеттің Рәмізі, Елдіктің нышаны!
Алла Алашымыздың болашағын Бақытты, келешегін Кемел етсін!




Көрілген: 3676    Пікірлер: 0

сейсенбі, 01.12.2020, 09:55

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31