Инста-Алаш

Басының таздығына, бұтының талтақтығына, қампиған қарнына, бір жерінің өлшеміне қарамастан әйел баласынан мінсіздікті талап ету тыйылады

  • Басының таздығына, бұтының талтақтығына, қампиған қарнына, бір жерінің өлшеміне қарамастан әйел баласынан мінсіздікті талап ету тыйылады

    Басының таздығына, бұтының талтақтығына, қампиған қарнына, бір жерінің өлшеміне қарамастан әйел баласынан мінсіздікті талап ету тыйылады

 «Динара, сіздің осы ер адамдарда өшіңіз бар сияқты”,- дейді. Жеке менің өшім жоқ. Бірақ, мен талай қыз-келіншектің мұңын тыңдап жүрген жанмын ғой. Сондықтан, тәжірибемнен ой-түйемін.

Елдегі қыз-келіншектерге оңай емес. Жан-жақтан қысым, асқан талап. Соның ішінде тұрмыстық езгіні есептемегенде қазақ ер жігіттерінің жалпы әйел баласына талабының бітпейтінін қайтерсің.

Мен үміттенемін. Көп ұзамай бізде де ақылы саяз жанның стереотиптерінен ада жас жігіттер көбейеді. Олар қыздың жасауы бар ма, басында пәтері бар ма, жоқ па, қыз болып тұрмысқа шығып жатыр ма, жоқ па, фигурасы ат па, әлде толық па, бала көтере ала ма, жоқ па, өзінен үлкен бе, отырып қалған ба, жетім қыз ба, ажырасқан ба, артында прицепі бар ма, жоқ па мұның ешқайсысына мән бермейтін, ең әуелі адамын жақсы көретін түсінігі кең, ер атына сай ірі жігіттер көбейеді. Дәл мына суреттегідей, мен шетелдерде көріп жүргендегідей бізде де келешекте сенің салмағыңа, статусыңа, өткеніңе мән бермей, сені төрт-бес мысығыңмен бірге жақсы көретін нағыз адамгершіліктің адамы көбейеді. Өзінің жағдайына, төмен IQ, бойының қысқалығына, басының таздығына, бұтының талтақтығына, қампиған қарнына, бір жерінің өлшеміне қарамастан әйел баласынан мінсіздікті талап ету тыйылады.

Бақытты, ізгі қоғам арманым. Дәл мына суреттегідей. Жігітте пресс, әйелінде целлюлит. Орталарында бақыт. Қазір бөпелері бар. Жиі саяхатқа шығады.

www.instagram.com парақшасынан 




Көрілген: 6102    Пікірлер: 0

сенбі, 25.01.2020, 11:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31