Бес қызымен қосыла билеген әкенің әрекеті көпшілікті сүйсінтті

08 наурыз 2022, 22:52

Бейнежазбадағы азаматтың әрекеті желі қолданушыларын тәнті етті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Экспресс К-ға сілтеме, жасап.

Әлеуметтік желіде таралған видеода әкесі бес қызын кезек-кезек құшақтап, билеуде. Кейін әкелерін қоршап алған қыздары қол ұстасып, айнала кетеді.

 

Бейнежазба отбасылық салтанат кезінде түсірілгенге ұқсайды.

 

Қаздай тізілген қыздардың барлығы аппақ көйлек киген. Олар майысып билеп, біртіндеп барып әкелерін құшақтауда.

 

Видеоға пікір білдірушілер қыздарға бақыт тілеп, ізгі ниеттерін жолдапты.

 

<iframe src="https://aitube.kz/embed/?id=0746d970-97f1-49f2-bbd1-07fb724b3a71" class="aitube-embed" width="500" height="315" frameborder="0" allow="accelerometer; autoplay; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture" allowfullscreen="allowfullscreen"></iframe>