Инста-Алаш

«Бизнес по казахски» актерлары Қоянбаевтан қомақты қаражат талап етуде

  • «Бизнес по казахски» актерлары Қоянбаевтан қомақты қаражат талап етуде

    «Бизнес по казахски» актерлары Қоянбаевтан қомақты қаражат талап етуде

 Миллиардер атанған «Бизнес по казахски» фильмінің актерлары сыйақыдан үміттеніп жүр. Алайда, Қоянбаев кинодан түскен қаражаттың қайда кететін айтып, әртістерді сабырлыққа шақырды деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы. 

Қоянбаевтың «Бизнес по казахски» фильмі табысы жағынан қазақ киноиндустриясында рекорд жаңартты. Елімізде голливуд картиналарын басып озып, көрерменнің қошеметіне бөленген отандық туындының кассалық жиыны миллиардтан асқан еді.
«Сондай жетістігіміз бар. Бірақ байып кеттім деп айта алмаймын. Ақша келеді, кетеді. Одан өкінбеймін. Бай болсақ бай боламыз бұйырғаны болады», – деді Нұрлан Қоянбаев.
Дәл осы қуанышты хабардан соң Қоянбаевтың қалтасы қалыңдады деп ойлады жұрт. Алайда, түскен қаржы толықтай Нұрланның өзіне бұйырмайды екен. Кинопродюсердің түсірілімге кеткен ақшадан бөлек, жұмсайтын шығындары да бар көрінеді. Мәселен, табыстың тең жартысын картинаны көрермен назарына ұсынған кинотеатрларға береді екен.

«Бәрі звондап құттықтап жатыр. Нұрлан миллиардер болдың құтты болсын дейді. Енді мен бәріне түсіндіре бермеймін ғой . Ол ақша менікі емес. Оның жартысын басқа кісілер алады. Жартысын тағы да бөлеміз деген сияқты. Мен миллиардер болған жоқпын. Жалпы киномыз миллиардер болды», -деді Қоянбаев.
Жыл сайын табысты еңбек ететін фильмнің тұрақты актерлары «Бизнес по казахски» комедиясының жетістігіне дән риза. Отандық кино нарыққа ел күтпеген жаңалық әкелген туындының көш бастауы кинопродюсердің ерекше жұмыс істеу тәсілінде болса керек.
«Нұрланның жұмысы ұнайды маған. Актер ретінде, актреларды сыйлауы, барлық жағдайды қарастырып қойған. Нұрланның продюсерлік қыры жақсы», – дейді Дариға Бадықова.
Аталмыш картинаның барлық бөлімінде бой көрсеткен актрисаның мақтауы тегін емес. Себебі, Қоянбаев түсірілім алаңында актерларға барлық жағдайды жасап, қомақты қаламақы ұсынады екен.
«Арнайы гонорарымыз бар. Бәрі біледі. Енді қанша екенін айтуға болмайды. Өзімнің үзеңгілестеріммен бірдей деп айтсам болады. Арзан емес қымбат емес орташа. Енді арзан аламын деп айта алмаймын. Өзімді бағалау ғой ол», – дейді Бадықова.
Алайда, миллиардер атанған Қоянбаевтың шығынынан актерлік құрам бейхабар.Тіпті гонорарын уақытылы алып, жиі-жиі сыйақыға қарық болатын команда, дәл осы жетістіктен кейін де құнды қағаздан үмітті!
«Сенің үлесіңді қосқан соң әрине қуанышты нәрсе. Мүмкін премиялар беріп қала ма деген ойлар бар ғой. Алайда, келіскен гонорарымызды берді. Соны алдық», – деді Қажет Смағұл.
«Жалпы Қажеттің гонорары онсызда аз емес. Енді ол сұрап жатса әрине береміз. Маған хабарлассын. Бірақ, бізде негізі премия дегендер жиі болады. Өйткені барлық «Бизнес по казахскида» ойнаған актерлар барын салып жүр. Сондықтанда мәселе ақшада емес. Көңілде ғой», – деді Нұрлан.
Десекте Нұрлан мұнымен тоқтап қалмақ емес. Алдағы күндері «Бизнес по-қазахски» фильмі өз жалғасын табатын секілді. Бұл жолы түсірілім тобы қай елге аттанбақ? Оны инстаграм желісінде арнайы сауалнама арқылы анықтамақ!

shownews.kz




Көрілген: 2487    Пікірлер: 0

жексенбі, 09.02.2020, 17:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30