Инста-Алаш

Блогер Еркебұлан мен Жанерке тағы да сәбилі болмақ

  • Блогер Еркебұлан мен Жанерке тағы да сәбилі болмақ

    Блогер Еркебұлан мен Жанерке тағы да сәбилі болмақ

"Қалаулым" жобасында табысқан танымал блогерлер Еркебұлан Ахметбек мен Жанерке Елшіннің жанұясында қуаныш. Екеуінің шаңырағы тағы бір жанмен толықпақ, деп хабарлайды Stan.kz.

"Бүгін біздің шаңырақ көтергенімізге 3 жыл. Осыған орай Сүйінші сұрағым кеп тұр, екінші отбасым.

 
Сіздер бұл жаңалықты күттіңіздер, білемін. Қуанышты бөліссең, көбейеді емес пе?! Ендеше, құттықтап қойыңыздаршы.

Аллаға сансыз шүкір. Бұйырса, Ахмет-Алиіміздің бауыры не қарындасы болады. Жүрегімнің астында тағы да бір кішкентай жүрек бүлкілдеп соғып тұр. 


Біздің махаббатымыздың тағы бір жемісі пісіп, үзіліп түспекші. Расымызды айтсақ, еш ойламаған жерден осылай болды. Күтпеген кезде келіп, өмірімізге күн болып нұрын шашуда періштеміз. 

Аликошымды босанғаннан кейін дәу болса да, қаншалықты ауыр болса да, ішімді кәдімгідей сағынған едім. Мінеки, көп ұзамай, сол томпашка күйіме қайта келдім", - деп сүйінші жаңалықты жеткізді Жанерке. 

Айта кетейік, "Қалаулым" жобасының алғашқы маусымында танысып-табысқан жұп 2018 жылы отбасын құрды. 2019 жылы Еркебұлан мен Жанерке ұлды болды.




Көрілген: 1317    Пікірлер: 0

бейсенбі, 26.08.2021, 11:19

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30