"Бірнеше рет бардым": Ләйлә Сұлтанқызы ЭКҰ көмегіне жүгінгенін мойындады

06 маусым 2022, 17:45

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы сәби сүю үшін арнайы ЭКҰ орталыққа бірнеше мәрте барғанын мойындады, деп хабарлайды  Stan.kz  ақпарат агенттігі. 

Ләйлә Сұлтанқызы бұл туралы өзінің Instagram парақшасында жазды. Айтуынша, болашақта тағы да ана бақытын сезінгісі келеді.

Журналист бүгінде бала көтере алмай жүрген әйелдерге барынша көмек қолын созып жүр. Ол әйелдер қауымына Экстракорпоральды ұрықтандыруды тегін жасатуға жәрдемдесуде. 

"Екі сызық. ЭКҰ орталыққа бір үмітпен өзім де бірнеше рет барғанымды жасырмаймын. Жаратқан тағы бір рет ана атану бақытын сыйласа, қуана қабылдар ем. Бірақ бұл пост мен туралы емес. Біраз уақыттан бері төрт әйелдің эко жасатуына себепші болып, апта сайын орталық есігін тоздырып жүргенімді жақсы білесіздер. Олар туралы әр видео жариялаған сайын басқа әйелдерден де мың түрлі хат келеді. Бәрінің арманы бір – ана атану. ЭКҰ арзан дүние емес, оны жасатып алып, "бала бітеді" деп ешкім кепілдік те бере алмайды. Бәрі бір Алланың қалауымен. 

Бірақ сонда да, жақсыдан қашан да үміттіміз ғой. Кеше сол төрт қатысушының бірінде екі сызық шықты деген хабарлама келді. Өзім көтергендей қуанғаным-ай. Одан бөлек, тағы бір жаңалық. Қосымша екі әйелге тегін эко жасатуға инвестор табылды", - деп бөлісті Сұлтанқызы. 

 Stan.kz