"Бұл менмендіктің шыңы": Иманбек өзіне ескерткіш орнату идеясына қатысты пікір білдірді

26 қыркүйек 2021, 09:45

Grammy сыйлығының иегері Иманбекке Ақсу қаласында ескерткіш орнату идеясына диджейдің өзі пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі

Бұл туралы музыкант Instagram-да тікелей эфирде айтты.

 
"Ақсу қаласында Иманбекке арналған мүсін қойғысы келетінін көпшілік естіген шығар. Бұл дұрыс емес", - деді қазақстандық.

Диджейдің сөзінше, бір ай бұрын оған жергілікті әкімдіктен қоңырау шалып, беделді музыкалық байқауда жеңіске жеткеніне орай Ақсу қаласында ескерткіш орнатуға қалай қарайтынын сұраған. Әңгіме граммофонның үлкен мүсінін орнату туралы болған.

"Егер сіздерге қиын болмаса қойыңыздар дедім, керемет идея. Ал негізінде маған бәрібір. Журналистер, мен оларды жек көремін, мәселені өзгертіп жіберді, енді адамдардың маған деген ойы бұзылды. Тірі кезінде ескерткіш қойылған тек бір адамды ғана білемін - бұл Нұрсұлтан Әбішұлы", - деді диджей.

Иманбек өзінің айтылып жатқан жаман пікірлерді тоқтату үшін эфирге шыққанын атап өтті.

"Мені жақсы танитындар, қандай адам екенімді біледі. Маған ескерткіш орнатуды сұрау – бұл менмендіктің шыңы және өзін-өзі асыра бағалау, менің ойымша! Пікірлерді ашып қарасап, хейтерлер көп. Мен ешкімге тиіспеймін, ал мына жерде: "Сен кімсің?”, дейді. Егер маған ескерткіш орнатса, шынымен өте ұят болады. Жоқ, айтпақшы, ешкімнің маған ескерткіш орнататын ойы болған жоқ. Олар граммофон мүсінін жасағысы келді", - деді Иманбек эфирді аяқтаған кезде.

Еске сала кетейік, креативті индустрия қызметкерлерімен кездесуде Ақсу қаласының тұрғындары Павлодар облысының әкіміне жерлесі Иманбек Зейкеновтың Grammy-дегі жеңіс құрметіне монумент орнатуды өтінген.

Аймақ басшысы бұл мүмкіндікті қарастыруға уәде берді, бірақ тағы бір нұсқа ретінде Иманбектің табысқа жету жолы туралы фильм түсіруді ұсынды.

.Stan.kz