Әнші Бүркіт пен Мәдина Сәдуақасованың бірге жүрген видеосы ғаламторға тарап кетті. Отбасы бар еркек мен тұрмыстағы әйелдің бұл қылығы көптің көңіліне күдік ұялатып отыр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде қызу талқыланған бейнежазбаға зер салсақ, Бүркіт пен Мәдинаның бір-біріне жымыңдап, ырғала билегенін аңғаруға болады.
Бірақ олардың бұл қылығы жұртқа жақпай қалса керек, оқырмандар демалыста жүрген Аишаны Бүркіттің есіне салды.
"Аишаға қайта оралыңыз, ол сізді кешіреді", "Аиша ханым демалыста жүрген", "Мәдина қозғаламын дегенше жарты музыка өтіп кетті ғой", "Дөңкиіп Мәдинаға не жоқ?", — деп сынады Бүркіттің оқырмандары.
Санаулы сағаттан кейін Бүркітпен бірге сәтін Мәдина да өзінің жеке парақшасына жариялады. Бөтен еркекке қылмыңдап, онымен жабысып билеген Сәдуақасова да халықтан оңбай сөз естіді.
"Жырпылдақ екенсің. Әрбір еркекпен билейсің де жүресің. Жолдасың мықты екен. Тағы күйеу керек болып жүрген қатынсың ғой", "Мәдина, күйеуіңмен осылай билесең ғой", "Аиша шашыңды жұлмасын", — деп жазды Мәдинаның оқырмандары.
Желідегі жұрт Бүркіт пен Мәдиананың бұл қарым-қатынасын көріп, олардың арасында махаббаттың барын айтуда. Ғаламторды шулатқан екі әріптес бір-біріне сезімге толы төмендегідей жазба қалдырған.
Әр отбасында осындай бақытты сәттер көп болсын — деп Бүркіт жүрек смайлик жіберді.
Үнемі позитивте жүретін Бүркіт — деп Мәдина Сәдуақасова да жымиып жауап берді.