"Біз бақытты жандармыз": Әнші Шахизаданың төртінші күйеуі бұрынғы әйелімен қайта қосылды

10 мамыр 2023, 14:05

Жүрегімнің ішіндегі жүрегім. Үш ұлымның аяулы анасы. Есімі - Мереке. Біз бақытты жандармыз. Аллаға сансыз шүкір. Бізде бәрі жақсы, - деп жазды Ерболат Ержанбаев.

Көпшілік мұны түсінбей жатыр. Өйткені ол Шаһизадамен түскен суреттерін де өшірмеген. Ол қатынасы туралы ашып ештеңе айтпаған.

 

"Әйелің бала-шағаң бар екені енді есіңе түсті ме?", "Ойнап болса да олай жасауға болмайды", "Шаһизада қуып жіберді ме?", "Не болса да Шаһизаданың арқасында танып қалдық", "Хайпажор", "Бәсе, сенбеп едім", - деген пікірлер көп.Әзірге Шаһизаданың өзі бұл туралы ештеңе айтқан жоқ. Бұған дейін ол үшінші күйеуімен Түркияда үш ай тұрып ажырасып кеткен болатын.
Караван жаңалықтары - https://kaz.caravan.kz/zhangalyqtar/


kaz.caravan.kz