Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Дана Нұржігіт:"Өзім ауырсам да,баламның аман екеніне қатты қуандым"

30 шілде 2020, 16:28

Хансың ба,қарасың ба, ұлт, нәсіл, жыныс талғамайтын індет балаларға соншалықты қауіп төндірмейтініне де шүкір деймін. Жолдасым екеумізден анықталған күні, Әлімнен тест алуға көшпелі топ шақырттық. Оның тесті таза болып шықты. Өзім ауырсам да,баламның аман екеніне қатты қуандым. Әрі дертке жеңістік бермеу керек дегенді санама құя бердім, құя бердім. .. Ұлымның бір күнде есейіп кеткенін көрдім. Маған көрсетпей көзінің жасын бір сығып алып, жәутеңдеп,есіктің сыртынан:"мама, папа, уайымдамаңыз, бәрі жақсы болады!" деп рух беріп қояды жарығым.
Шүкір, қазір тәуірміз! Үнемі витамин ішіп жүргендіктен шығар, жеңіл өтті. Бірақ, әлсіздік, тершу бар. Бастысы: үрейге бой алдырмай, депрессияға түспеу керек екен. Бұл дерт ең бірінші санаңа соққы болады екен. Бірден құрдымға кеткендей, естіген сәтте дүние теңселіп кетеді. Сол кезде өзіңді қолға алуға тырысу керек. Не де болса, жақсы ойлап, жеңіп шығуға бел буу керек! Әлеуметтік желіден шығып кету керек, ақпарат тыңдамау керек! Бәрін өшір!
Тек жақсылық,тек жеңіске бар күшіңді салуың керек! Сақтанып жүріңіздерші, ал "ұсталып қалсаңыз" мойымаңыз,құламаңыз!
Баршаларыңызға амандық тілеймін!