Инста-Алаш

Данияр Елеусінов: Екі әйелімнен екі ұлым бар

  • Данияр Елеусінов: Екі әйелімнен екі ұлым бар

    Данияр Елеусінов: Екі әйелімнен екі ұлым бар

Қазақ атын күллі әлемге танытып жүрген боксшы Данияр Елеусінов алғаш рет жеке өміріне қатысты бар шындықты айтты. Белгілі спортшы бүгінде екі ұлдың әкесі екен. Алайда, перзенттері екі бөлек анадан туған деп жазады KAZ.NUR.KZ. 

Данияр Елеусінов отбасылық өміріне қатысты жан сырын ақтарып, көпшілік біле бермейтін бірқатар тың мәліметті бөлісті. Белгілі болғандай, былғары қолғап шебері қазіргі таңда екінші отбасымен тұратын болып шықты. Алайда, ол бірінші жанұясы жайлы еш ұмытпаған. Оның айтуынша, бұрынғы жары мен ұлы бүгіндекөрші болып тұрады. Бұл туралы ол журналист Нұрсұлтан Құрманның Youtube-арнасына берген сұхбаты барысында баяндады. "Жеке өміріме қатысты айтатын болсам, екі ұлым бар. Тұңғышым - Даниель, екінші ұлым - Мұхамед. Құдайға шүкір. Иә, екеуі екі бөлек анадан туған. Бірақ, екеуі де өз ұлдарым. Балаларым әрдайым қасымда. Бірінші жанұяммен бірге тұрмаймын. Баламды күнде көріп тұрамын. Бір тұрғын-үй кешенінде тұрамыз. Қасымызда көрші тұрады. Ол жерде ағам да, апам да тұрады. Балам күнде үйде, сол себепті қалаған кезімде көріп тұрамын" , - деді Данияр Елеусінов. Т

Айта кетейік, Данияр Елеусінов қазақстандық кәсіпқой боксшы, 2016 жылғы Бразилиядағы Олимпиада ойындарының чемпионы, Азиада-2010 жеңімпазы, 2013 жылғы Алматы қаласында өткен Әуесқой бокстан 69 кг салмақта әлем чемпионы, халықаралық спорт шебері. Отандық боксшы көбіне Америка құрама штаттарында жатығып, жекпе-жектерін де сол жақта өткізеді. 

kaz.nur.kz




Көрілген: 673    Пікірлер: 0

сейсенбі, 12.01.2021, 16:19

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31