Инста-Алаш

"ДАТ! ӨЛІМ ЖАЗАСЫ ҒАНА!": Қарақат Әбілдина Президентке талабын айтты

  • "ДАТ! ӨЛІМ ЖАЗАСЫ ҒАНА!": Қарақат Әбілдина Президентке талабын айтты

 Танымал әнші, көпбалалы ана Қарақат Әбілдина Қарағанды облысы Сәтбаев қаласында болған сұмдық оқиғаға қатысты, бала зорлығы туралы өз ойын айтып, Президен Қасым-Жомарт Тоқаев пен билік басындағыларға ДАТ-ын айтты. Бұл туралы ERNUR.KZ. жазды. 

Өнер иесі педофилдерге тек өлім жазасы ғана дауа деп ашынады. "Сәтбаевтағы сұмдық оқиға төбемізден тас түскендей халге жеткізді. Аяладан екі-ақ жас үлкен қыздың өмірі қас пен көздің арасында тас-талқан болды. Бүтін бір шаңырақтың берекесі қашты. Бұл қылмыс азғындар алыста емес, қасымызда, келесі пәтерде, келесі подъезде жүргеніне көзімізді жеткізді. Балаларды бір сәт қараусыз қалдыруға болмайтынын тағы да есімізге салды. Тынышымыз кетті. Адамдардың бәріне сенім жоғалды. Сырты бүтін пенденің ішінде қандай арамдық, қандай пиғыл жатқанын білмейсің?! Жан ұшырып шырқыраған Сәтбаев тұрғындарының жанайқайын жаныммен сезіндім, түсіндім. Енді балаларды азғындардың қолынан қалай қорғаймыз? Олардың қауіпсіздігін қайтіп қамтамасыз етеміз? Көпбалалы ана ретінде, өрімдей бүлдіршіндерді өнерге баулып жүрген ұстаз ретінде Мен осы сауалға жауап таба алмай отырмын. Бұған дейін де қаншама бейкүнә бала педофилизмнің құрбаны болды?! Әлі қаншасы солардың зорлық-қорлығын көріп жатқанын кім білсін?! Құрметті Президент мырза! Құрметті депутаттар! Құрметті қоғам қайраткерлері, белсенділері! Сіздерге ДАТ: Президент педофилдерге қатысты жазаны қатаңдатты. Бірақ ол баптар азғындарға тұсау болмай тұр. Әрбір ата-ананың үміті, ең бастысы, елдің үміті, болашағы баларымыздың бақыты үшін жария өлім жазасын қабылдау керек шығар?! Бәлкім, сондай жаза ғана бұл азғындықты ауыздықтар?! Түрме оларды тәрбиелеп, түзете алмайды. Кастрация тіпті, ашындырып, маньяктар қатарын көбейтуі бек мүмкін! Сондықтан ауызға алу тұрмақ, ойласаң денең түршігетін бала зорлығы жөніндегі қылмысқа ӨЛІМ ЖАЗАСЫ ғана дауа! Бұл менің ғана емес, ұл-қызы бар кез келген ата-ананың өтініші, талабы деп білерсіздер! Кейде ойлаймын, жер бетінде жамандық, миға сыймайтын арамдық көп таралып жатыр. Бәлкім, мынау індет сол жауыздыққа Алланың жауабы, азабы ма екен?! Сондай жиіркінішті істер жасаған топтың кесірі көпке тиіп жатыр ма екен?! Жас-кәріні жалмап жатқан дерттен балапандарды қорғап қойған Аллаға күнде шүкір айтамын! Ал адамдар, біздер, пенделер бауыр етіміз балаларымызды қайдағы бір азғындардың қолынан арашалай алмай жатқанымыз, өкінішті!",- деп жазады әнші. Айта кетейік, Сәтбаевта халықты аяғынан тік тұрғызған оқиға бейсенбіден жұмаға қараған түні орын алған. Жоғалып кеткен 5 жасар қызды оның ата-анасы мен қала тұрғындары бірігіп іздеген. Жоғалған қыз қаладағы пәтердің бірінде табылған. Кейін көпшілік баланы ұрлады деген күдікке ілінген адамды тергеусіз жазалауды талап еткен.

ERNUR.KZ.

 




Көрілген: 2756    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 27.07.2020, 01:12

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31