Димаш Құдайберген махаббат туралы бейнебаянын ұсынды (видео)

31 мамыр 2022, 10:59

Димаш Құдайберген Dears фанаттар армиясын жаңа бейнебаянымен қуантты. Әнші "Okay" атты әнге клип түсірді. Туынды махаббат тақырыбына арналған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жаңа әннің авторы ресейлік композитор Игорь Крутой, ал мәтінін Игорь Николаев жазған. 

Димаш бейнебаянда өзінің ғашығын сомдаған арумен түскен романтикалық фотосын жариялап, тыңдармандарын клипті көруге шақырды. Бейнебаянды бір түнде 200 мыңға жуық адам тамашалады.

"Дем ала алмай қалдым. Денем түршігіп кетті. Димаш тек қана алға", "Ал мен таңғалмаймын. Әдеттегідей жоғары деңгейде. Не деген талантты тандем - Крутой, Николаев, Димаш","Өте үлкен әртіс. Бұл хикаядан жүрек ауырды. Көзге жас келді", "Әлемнің мықты режиссерлері қайда? Димашты фильмге түсіріңіздерші, бірден Оскар аласыздар", - деп пікір білдірді тыңдармандар.   

<iframe width="560" height="315" src="https://www.youtube.com/embed/_yEiQo25BqY" title="YouTube video player" frameborder="0" allow="accelerometer; autoplay; clipboard-write; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture" allowfullscreen></iframe>

Stan.kz